Пара ұсынған: Қостанай облысында аудандық мәслихат төрағасына қатысты тергеу аяқталды

© Sputnik/Ертай СарбасовАнтикоррупционная служба. Здание в Алматы
Антикоррупционная служба. Здание в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2025
Жазылу
Осы жылдың 23 қаңтарында қадағалаушы прокуратура айыпталушыларды сотқа берді
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының төрағасы мен депутатына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы ведомствоның баспсөз қызметі хабарлады.
"Мәслихат төрағасы өзі үлестес фирманың жергілікті мемлекеттік мекемелермен мемлекеттік сатып алу шарттарының талаптарын орындамауына байланысты аудит барысында анықталған заң бұзушылықтар бойынша шаралар қолданбауы үшін пара берген.
"Мәслихат төрағасы депутат арқылы облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлеріне 2 млн теңге сомасында пара берді деп айыпталуда", - деп жазылған хабарламада.
Осы жылдың 23 қаңтарында қадағалаушы прокуратура айыпталушыларды сотқа берді.
Антикор Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын ескертті.
Уголовное дело - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2024
Ақтауда пара алды деген күдікке ілінген судьяның ісі сотқа жіберілді
Жаңалықтар
0