Оралда ер адам пойыз астына түсіп қайтыс болды

© Sputnik / Игорь Маслов / Медиабанкке өтуВагоны сошли с рельсов, архивное фото
Вагоны сошли с рельсов, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2025
Жазылу
Қайғылы оқиға 4 ақпанда түстен кейін болған
АЛМАТЫ, 4 ақпан - Sputnik. Оралдағы теміржолда ер адам пойыз астына түсіп қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық көлік полициясы департаменті.
Қайғылы оқиға 4 ақпанда түстен кейін болған.
"Абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігінің қозғалысы немесе пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - дейді ведомство.
Көлік полициясы тұрғындарға теміржол бойындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертті.
Жаңалықтар
0