Еліміздің бірнеше өңірінде дабыл жүйесі іске қосылады

Сирена
Сирена - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2025
Жазылу
Төтенше жағдайлар министрлігі 6 ақпан күні таңертең еліміздің кейбір өңірлерінде дабыл сиреналары қосылатынын ескертті
АСТАНА, 4 ақпан - Sputnik. Еліміздің кейі өңірінде "Көктем-2025" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
"6-7 ақпанында "Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау" тақырыбы бойынша "Көктем-2025" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың бірінші кезеңі өтеді", - делінген хабарламада.
Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Атырауда орналасады. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Жетісу облыстарында профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі.
Оқу-жаттығу аясында "Баршаның назарына!" дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексеріледі. 6 ақпанда сағат 11.00-де барлық дыбыстық электр дабылдары қосылады. Бұл кезде тұрғындардан тыныштық сақтап, үрейге бой алдырмау сұралды.
Жаңалықтар
0