Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Ақтөбеліктер Санкт-Петербургте блокада қаһармандарының рухына тағзым етті

© Русский дом в АстанеАктюбинцы почтили память героев блокады в Санкт-Петербурге
Актюбинцы почтили память героев блокады в Санкт-Петербурге - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2025
Жазылу
Жалпы Санкт-Петербургке 11 елден 50-ден астам адам барды
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Биыл қаланы фашистік блокададан толығымен азат етілгеніне 81 жыл толып отыр. Санкт-Петербургте өткен шараларға ақтөбеліктер де қатысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Валерия Белова блокадалық Ленинградта болған. Қазір ол Ақтөбеде тұрады. Онымен бірге "Ақтөбе облыстық Родина.KZ орыстардың этномәдени бірлестігі" қоғамдық ұйымы төрағасының орынбасары Виктория Сурай Санкт-Петебордағы шараларға қатысып қайтты.
Жалпы Санкт-Петербургке 11 елден 50-ден астам адам барды. Барлығы фашистік блокада кезінде Ленинградта тұрған. Осы жолы олар "Рубежный камень" ескерткіш мен "Блокадная полынья" мемориалдық белгісіне барып, блокада қаһармандарының рухына тағзым етті. Сондай-ақ Ресей президентімен бірге Пискарёв зиратында гүл шоқтарын қойды.
Ал сапардың соңында ақтөбеліктер "Ленинградтағы Жеңіс" концертіне қатысып, Сергея Лозницының "Блокада" деректі фильмін тамашалады.
Ақтөбеде Валерия Белова Кеңес Одағыны Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына арналған шараларға қатысып, Санкт-Петербургкежасаған сапары жайында айтып берді.
Жаңалықтар
0