https://sputnik.kz/20250204/aqtobede-aleumettik-kartopty-satuga-shekteu-engizildi-50521105.html
Ақтөбеде әлеуметтік картопты сатуға шектеу енгізілді
Ақтөбеде әлеуметтік картопты сатуға шектеу енгізілді
Sputnik Қазақстан
Бұл алыпсатарлармен күрес үшін қабылданған шара 04.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-04T08:09+0500
2025-02-04T08:09+0500
2025-02-04T08:09+0500
картоп
ақтөбе
https://sputnik.kz/img/07e9/01/16/50182032_0:0:1267:713_1920x0_80_0_0_430cc752c219fa1a42bd7e35d7a8fb2e.jpg
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Ақтөбеде картоп әлеуметтік павильондарда бір келісі үшін 116 теңгеден шектеулі мөлшерде сатылуда. Енді бір адамға бір пакеттен артық берілмейді, деп хабарлайды КТК.Жергілікті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы алыпсатарлармен осылай күресуді жөн көріп отыр. Себебі, арзан картопты қаппен алғысы келетіндер көп. Сондықтан коммуналдық базарлардағы саудагерлерге шектеу енгізу қажеттілігі айтылған.Бұл ретте жергілікті тұрғындар тұрақтандыру қорынан алынған әлеуметтік бағадағы картоптың сапасына шағымдануда. Картоп арасында бұзылған, ұсақ өнім көп дейді.Сұрыпталған және ірі картоптың бір келісі - 399 теңге."ӘКК-Ақтөбе" өкілдері су тасқынынан картоп өте нашар деп отыр. Бірақ егер өнім толығымен бүлінсе, олар жеткізушіге қайтарылады деп сендіреді.Ресми мәлімет бойынша, тұрақтандыру қорында 1,2 мың тоннаға жуық картоп бар. Ақтөбедегі супермаркеттер мен әлеуметтік павильондарға аптасына 140 тоннаға дейін картоп жеткізіледі. "ӘКК-Ақтөбе" қызметкерлерінің айтуынша, еліміздегі алғашқы өнімді алғанша бұл қор жеткілікті болуы керек.
https://sputnik.kz/20250124/atyrauda-kartop-bagasy-180-tengeden-330-tengege-deyin-qymbattady-50264514.html
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/16/50182032_83:0:1180:823_1920x0_80_0_0_262ae541ae06b97d16fcd54695b886fd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
картоп, ақтөбе
Ақтөбеде әлеуметтік картопты сатуға шектеу енгізілді
Бұл алыпсатарлармен күрес үшін қабылданған шара
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Ақтөбеде картоп әлеуметтік павильондарда бір келісі үшін 116 теңгеден шектеулі мөлшерде сатылуда. Енді бір адамға бір пакеттен артық берілмейді, деп хабарлайды
КТК.
Жергілікті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы алыпсатарлармен осылай күресуді жөн көріп отыр. Себебі, арзан картопты қаппен алғысы келетіндер көп. Сондықтан коммуналдық базарлардағы саудагерлерге шектеу енгізу қажеттілігі айтылған.
Бұл ретте жергілікті тұрғындар тұрақтандыру қорынан алынған әлеуметтік бағадағы картоптың сапасына шағымдануда. Картоп арасында бұзылған, ұсақ өнім көп дейді.
Сұрыпталған және ірі картоптың бір келісі - 399 теңге.
"ӘКК-Ақтөбе" өкілдері су тасқынынан картоп өте нашар деп отыр. Бірақ егер өнім толығымен бүлінсе, олар жеткізушіге қайтарылады деп сендіреді.
"Көктемде су тасқынының болғаны да әсер етті, өйткені, өндірушілердің айтуынша, топырақтың құнарлы қабатын шайып кеткен, соның салдарынан картоп көлемі шағын болып қалған. Жаңа жылдың алдында бізде сапасыз картоптың бір партиясы болды. Алайда біз акт жасап, өнімдерді қайтардық", – дейді "ӘКК-Ақтөбе" АҚ азық-түлікпен қамтамасыз ету департаментінің директоры Ерлан Нұркеев.
Ресми мәлімет бойынша, тұрақтандыру қорында 1,2 мың тоннаға жуық картоп бар. Ақтөбедегі супермаркеттер мен әлеуметтік павильондарға аптасына 140 тоннаға дейін картоп жеткізіледі. "ӘКК-Ақтөбе" қызметкерлерінің айтуынша, еліміздегі алғашқы өнімді алғанша бұл қор жеткілікті болуы керек.