614 мың адамның кредиті ішінара немесе толық кешірілді – Әбілқасымова Тоқаевқа есеп берді
Жазылу
Қаржы нарығын реттеу агенттігінің төрағасы президентке өткен жылдың қорытындысын баяндады
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев принял председателя Агентства по регулированию и развитию финансового рынка Мадину Абылкасымову

Касым-Жомарт Токаев принял председателя Агентства по регулированию и развитию финансового рынка Мадину Абылкасымову
© Пресс-служба президента Казахстана
Агенттік басшысы президентке өткен жылдың қорытындысын баяндады. Оның айтуынша, 2024 жылдың басынан бері банктердің активтері 19,7 пайызға, яғни 61,6 триллион теңгеге дейін өскен. Экономиканы кредиттеу 20,9 пайызға немесе 33,8 триллион теңгеге дейін ұлғайды. Бұған қоса, банктерден 400 млрд теңге көлемінде мемлекеттің қолдау қаражаты мерзімінен бұрын қайтарылған. Ал бәсекелестікті күшейту үшін банк секторына Оңтүстік Кореядан, Қатар мен Біріккен Араб Әмірліктерінен шетелдік банктер тартылды.
Атқарылған жұмыстар:
2024 жылы бизнеске берілген кредиттер 16,3 пайызға немесе 13,1 триллион теңгеге дейін ұлғайды;
президенттің халықтың шамадан тыс кредит алуын төмендету жөнінде берген тапсырмасына сәйкес, кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау бағытында заң қабылданды;
614 мың азаматтың 210 миллиард теңге сомасындағы проблемалық берешегі қайта құрылымдалып, ішінара немесе толық кешірілген;
азаматтарды қаржылық алаяқтықтан қорғау мақсатында заңнамалық түзетулердің жаңа топтамасы әзірленді;
азаматтардың тұрғын үйлерін апат тәуекелдерінен міндетті сақтандыру моделі әзірленді;
кредиттік рейтинг агенттіктері туралы, Инвестициялық және венчурлық қорлар туралы заң жобалары дайындалды;
Тоқаев агенттікке қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және нақты секторды кредиттеу аясын одан әрі кеңейтуге тапсырма берді. Президент тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетіктерін де күшейтуді тапсырды.