Шығыс Қазақстанда жол апатынан төрт адам қайтыс болды

© PhotoШығыс Қазақстанда жол апатынан төрт адам қайтыс болды
Шығыс Қазақстанда жол апатынан төрт адам қайтыс болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2025
Жазылу
Қайғылы оқиғадан 8 адам зардап шекті
АСТАНА, 3 ақпан - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Күршім - Қалжыр бағытындағы тасжолда жол апаты болып, төрт адам қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қайғылы оқиға 1 ақпанда болған. Жол апатынан төрт адам көз жұмып, төрт адам ауруханаға түсті.
"Lada Granta және Hyundai SantaFe автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан Lada Granta жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Hyundai SantaFe жүргізушісі және оның үш жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция көлік жүргізушілеріне жол ережесін сақтауды ескертті.
Пациент на каталке в коридоре больницы с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2025
Самарадағы жол апаты: 7 қазақстандық ауруханаға жеткізілді
Жаңалықтар
0