Қазақстаннан Өзбекстанға туристік пойыз жүреді

Туристік пойыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2025
Жазылу
Туристік пойыз 20 наурызда жолға шығып, 25 наурызда оралады
АСТАНА, 3 ақпан - Sputnik. Наурыз айында Қазақстаннан Өзбекстанға туристік пойыз жүреді, деп хабарлайды Kazakh Tourism.
"Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Тараз – Алматы" бағыты бойынша "Жібек жолы" теміржол туры наурыз айында басталады.
Туристік пойыз 20 наурызда жолға шығып, 25 наурызда оралады. Бұл жолы маршрутқа Тараз қосылды.
Тур бағдарламасында этноауылдағы мерекелік шараларды тамашалауға болады. Концерттік бағдарламалар қойылады, ұлттық рәсімдерді қызықтап, дәстүрлі тағамдардың дәмін татуға мүмкіндік болады.
Туристерге арналып кәсіби гидтер қызмет етеді. Заманауи вагондар, тамақтану және экскурсиялар қарастырылған.
Толық пакеттің құны:
️Алматыдан шыққан жолаушылар үшін: ересектерге – 215 000 теңге, балалар үшін (4 жастан 14 жасқа дейін) - 155 000 теңге;
Ал Астанадан шыққан ересектер үшін – 260 000 теңге, балалар үшін (4 жастан 14 жасқа дейін) – 180 000 теңге.
Бұған дейін Алматыдан келген турдың құны ересек жолаушылар үшін 135 мың теңге, ал балалар үшін 100 мың теңге болатын.
Новые поезда Тальго , Казахстанские железные дороги (КТЖ) - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2025
Қазақстандағы алғашқы интернеті бар пойыз сапарға шықты
Жаңалықтар
0