https://sputnik.kz/20250203/qantardagy-ubt-142-talapkerdin-natizhesi-zhoyyldy-50515816.html
Қаңтардағы ҰБТ: 142 талапкердің нәтижесі жойылды
Қаңтардағы ҰБТ: 142 талапкердің нәтижесі жойылды
Sputnik Қазақстан
Ең жоғары балл – 138, оны Шымкент қаласының оқушысы жинаған 03.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-03T19:53+0500
2025-02-03T19:53+0500
2025-02-03T19:53+0500
білім
ұбт
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958205_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_00de3d1473c8c314c23e4d2b2bfa0e9b.jpg
АСТАНА, 3 ақпан - Sputnik. Қаңтар айындағы ҰБТ-ның үш аптасында 126 мыңға жуық адам тест тапсырды, деп хабарлайды ұлттық тестілеу орталығы.Орталықтың мәліметінше, шекті балды 72%-ға жуық талапкер жинады. Тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл 67 балды құрады. Ең жоғары балл – 138, оны Шымкент қаласының оқушысы жинады. 150 талапкер 130 балдан жоғары балл жинаған.Тестке қатысушылардың 78,7%-ы қазақ тілінде, 21,2%-ы орыс тілінде, 62 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.Талапкерлердің басым бөлігі, 17,8%-ы "Биология-Химия" пәндер комбинациясын тапсырды. 17,2%-ы "Математика-Физика" және 10,4%-ы "Математика-Информатика" комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған комбинация – "Химия-Физика", оны 149 адам тапсырған.Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында қаңтар ҰБТ-сына 295 талапкер қатысты.Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады, бұл жағдайда сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.Қазіргі таңда 142 адамның нәтижесі жойылды. Оның ішінде 89 талапкер смартфон және шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды, ал тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 53 адам шығарылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ.Айта кетсек, 2025 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.Еске сала кетсек, қаңтар ҰБТ-сы 13 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Тестілеуге қатысуға 167 мыңға жуық талапкер ниет білдірген.
https://sputnik.kz/20250113/qantar-ayynda-otetin-ubt-bastaldy-49923406.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958205_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_47edccdb159f179b27702a86a571ba57.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұбт
Қаңтардағы ҰБТ: 142 талапкердің нәтижесі жойылды
Ең жоғары балл – 138, оны Шымкент қаласының оқушысы жинаған
АСТАНА, 3 ақпан - Sputnik. Қаңтар айындағы ҰБТ-ның үш аптасында 126 мыңға жуық адам тест тапсырды, деп хабарлайды ұлттық тестілеу орталығы.
Орталықтың мәліметінше, шекті балды 72%-ға жуық талапкер жинады. Тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл 67 балды құрады. Ең жоғары балл – 138, оны Шымкент қаласының оқушысы жинады. 150 талапкер 130 балдан жоғары балл жинаған.
Тестке қатысушылардың 78,7%-ы қазақ тілінде, 21,2%-ы орыс тілінде, 62 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.
Талапкерлердің басым бөлігі, 17,8%-ы "Биология-Химия" пәндер комбинациясын тапсырды. 17,2%-ы "Математика-Физика" және 10,4%-ы "Математика-Информатика" комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған комбинация – "Химия-Физика", оны 149 адам тапсырған.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында қаңтар ҰБТ-сына 295 талапкер қатысты.
Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады, бұл жағдайда сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Қазіргі таңда 142 адамның нәтижесі жойылды. Оның ішінде 89 талапкер смартфон және шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды, ал тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 53 адам шығарылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ.
Айта кетсек, 2025 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.
Еске сала кетсек, қаңтар ҰБТ-сы 13 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Тестілеуге қатысуға 167 мыңға жуық талапкер ниет білдірген.