Олжас Бектенов Иранға сапармен барады

© Sputnik/Ертай СарбасовОлжас Бектенов
Олжас Бектенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2025
Жазылу
Былтыр 11 айда екі елдің арасындағы тауар айналымы 8,1%-ке ұлғайып, шамамен 300 млн долларға жетті
АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов Иранға сапармен барады. Бұл туралы Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісі Әли Акбар Джоукар мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Елшінің айтуынша, алдағы аптада Тегеранда III Каспий экономикалық саммиті өтеді.
"Оған Каспий өңірі мемлекеттерінің премьер-министрлері қатысады. Осыған байланысты Бектенов мырза Иранға сапар жасайды", - деді Джоукар бүгінгі брифингте.
Айта кетері, Бектенов Алматыда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында Иран Ислам Республикасының бірінші вице-президенті Мұхаммед-Реза Арефпен кездескен болатын. Былтыр 11 айда екі елдің арасындағы тауар айналымы 8,1%-ке ұлғайып, шамамен 300 млн долларға жетті.
Цифровой форум Digital Almaty 2025 - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2025
Қазақстанда бес жылда 1 млн адам жасанды интеллектіні меңгереді – Бектенов
Жаңалықтар
0