Риддерде 400-ге жуық бейнебақылау камерасы іске қосылады

© Sputnik / Владислав ВодневҚаладағы бейнебақылау
Қаладағы бейнебақылау - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2025
Жазылу
Кейбір камералар жылдамдық режимін тіркейтін болады
АСТАНА, 3 ақпан - Sputnik. Риддер аумағында 397 бейнебақылау камерасы орнатылған, деп хабарлады қалалық полиция бөлімі.
Оның ішінде 27 камера жылдамдықты бұзуды автоматты түрде тіркесе, 7 жол қиылысы аппараттық-бағдарламалық жүйелермен жабдықталған. Олар Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін бұзу, оның ішінде бағдаршамның қызыл түсіне өту, жылдамдықты арттыру, тоқтау сызығынан өту фактілерін тіркейді.
Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 297 жалпы мақсаттағы бейнебақылау камералары орнатылған. Камералар 3 ақпанда жұмыс істей бастайды.
Оплата в автобусе - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2024
Көкшетауда мектеп дәретханасында бейнекамера орнатылды – ата-аналар не дейді
Жаңалықтар
0