Алматыдағы күре жолда әскери техника құлады: жүргізушіге сот үкімі шықты

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСудебное заседание, архивное фото
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2025
Жазылу
Әкімшілік жаза ретінде 55048 теңге көлемінде айыппұл салынды
АЛМАТЫ, 3 ақпан – Sputnik. Әскери техниканы тасымалдау ережелерін бұзған жүргізушіге айыппұл салынды, деп хабарлайды Қонаев қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.
Істі Қонаев қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты қарады.
Іс Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 610-бабы 1-бөлігі "Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылыс жайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы" бойынша қаралды.
"15 қаңтарда сағат 13:25-те жүргізуші "КАМАЗ" жүк автокөлігін басқарып, тралмен әскери техниканы тасымалдаған. Алматы – Өскемен автожолының 56-шы шақырымында бұрылу кезінде тоқтатқыштардың болмауынан екі көпфункционалды жеңіл броньдалған тартқыш тралдан түсіп кеткен. Салдарынан біреуі металл қоршауға соқтығысып, екіншісі "Sang Yong Action" маркалы автокөлікке соқтығысқан", - дейді ведомство.
Сот отырысында айыпталушы кінәсін мойындап, қатаң жазаламауды өтінді.
Әкімшілік жаза ретінде 55048 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Жаңалықтар
0