https://sputnik.kz/20250202/ukraina-urys-dalasynda-artqa-sheginip-zhatyr---vengriya-syrtqy-ister-ministri-50491986.html
Украина ұрыс даласында артқа шегініп жатыр - Венгрия сыртқы істер министрі
Украина ұрыс даласында артқа шегініп жатыр - Венгрия сыртқы істер министрі
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 2 ақпан - Sputnik. Венгрияның Сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Питер Сийярто Украина жүздеген миллиард еуро төлегеніне... 02.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-02T20:00+0500
2025-02-02T20:00+0500
2025-02-02T20:00+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
венгрия
https://sputnik.kz/img/07e9/01/0f/49981906_0:30:1200:705_1920x0_80_0_0_79707930f54ca18915ef1db32120849e.jpg
АЛМАТЫ, 2 ақпан - Sputnik. Венгрияның Сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Питер Сийярто Украина жүздеген миллиард еуро төлегеніне қарамастан, шайқаста артқа шегінуде деді. Бұл туралы РИА новости жазды. Бұған дейін Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан Еуропа мен АҚШ Украинаға барлығы 310 миллиард еуро жұмсады деп мәлімдеді, егер бұл ақша еуропалық экономикаға салынса, еуропалықтар бүгінде әлдеқайда жақсы өмір сүрер еді. Оның айтуынша, Батыстың Украинаға жұмсаған орасан зор ақшасы өртеніп кетті, салдарынан Киев сол күйі өз экономикасын тұрақтандыра алмады. Ал Германия мен Франциядағы саяси дағдарыстар Батыстың қате стратегиясы салдарының бастамасы ғана. Ресей Федерациясы Батыстың бірнеше жыл бұрын Ресейге жасаған санкциялық қысымын жеңе алады және оны күшейтуді жалғастыруда деп бірнеше рет мәлімдеді. Мәскеу Ресей Федерациясына қарсы санкциялардың сәтсіздігін мойындауға батыстың батылдығы жетпейді дейді. Батыс елдерінің өзінде Ресейге қарсы салынған санкциялар тиімсіз деген пікірлер бірнеше рет айтылды. Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Ресейді тежеу және әлсірету саясаты Батыстың ұзақ мерзімді стратегиясы екенін және санкциялар бүкіл әлемдік экономикаға үлкен соққы бергенін айтқан болатын. Батыстың басты мақсаты - миллиондаған адамдардың өмірін нашарлату, деді ол.
украина
венгрия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/0f/49981906_111:0:1090:734_1920x0_80_0_0_f0d080cbf8c537c3029231d9acfa8a5a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, венгрия
Украина ұрыс даласында артқа шегініп жатыр - Венгрия сыртқы істер министрі
АЛМАТЫ, 2 ақпан - Sputnik. Венгрияның Сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Питер Сийярто Украина жүздеген миллиард еуро төлегеніне қарамастан, шайқаста артқа шегінуде деді. Бұл туралы РИА новости жазды.
"Украиндықтарға жүздеген миллиард еуро төленді, жүздеген миллиард еуроға қару жіберілді. Сонымен қатар ЕО мен Ресейдің қарым-қатынасына балта шапқан санкциялар қолданылды. Нәтижесі қандай? Ресей алға жылжып, Украина шегініп жатыр", - деді Сийярто испандық Debate газетіне берген сұхбатында.
Бұған дейін Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан Еуропа мен АҚШ Украинаға барлығы 310 миллиард еуро жұмсады деп мәлімдеді, егер бұл ақша еуропалық экономикаға салынса, еуропалықтар бүгінде әлдеқайда жақсы өмір сүрер еді.
Оның айтуынша, Батыстың Украинаға жұмсаған орасан зор ақшасы өртеніп кетті, салдарынан Киев сол күйі өз экономикасын тұрақтандыра алмады. Ал Германия мен Франциядағы саяси дағдарыстар Батыстың қате стратегиясы салдарының бастамасы ғана. Ресей Федерациясы Батыстың бірнеше жыл бұрын Ресейге жасаған санкциялық қысымын жеңе алады және оны күшейтуді жалғастыруда деп бірнеше рет мәлімдеді. Мәскеу Ресей Федерациясына қарсы санкциялардың сәтсіздігін мойындауға батыстың батылдығы жетпейді дейді.
Батыс елдерінің өзінде Ресейге қарсы салынған санкциялар тиімсіз деген пікірлер бірнеше рет айтылды. Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Ресейді тежеу және әлсірету саясаты Батыстың ұзақ мерзімді стратегиясы екенін және санкциялар бүкіл әлемдік экономикаға үлкен соққы бергенін айтқан болатын. Батыстың басты мақсаты - миллиондаған адамдардың өмірін нашарлату, деді ол.