Ақмола облысында селден қорғайтын бөгет салынып жатыр

© Ақмола облысының әкімдігіАршалы ауданында ұзындығы 6 шақырым болатын бөгет салынып жатыр
Аршалы ауданында ұзындығы 6 шақырым болатын бөгет салынып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 2 ақпан - Sputnik. Ақмола облысы Аршалы ауданында ұзындығы 6 шақырым болатын бөгет салынып жатыр, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында су басу қаупі бар үш шағын ауданның тұрғын алабында бөгет салу жұмыстары жүргізілуде.
"Бүгінгі таңда жұмыстың жартысынан астамы орындалды. Қорғаныс құрылғысының ұзындығы 6 шақырымнан асады, биіктігі жер бедеріне байланысты 2 метрден 5,3 метрге дейін жетеді. Сонымен қатар, көлік пен мал айдауға арналған үш өткел салынбақ", - дейді ведомстводан.
Құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы қазан айында аяқталады. Бірінші кезең – бөгеттің негізгі бөлігін және өткелдерді салу – су тасқыны кезеңіне дейін аяқталмақ. Қазіргі уақытта аумақ бұталардан тазартылып, құнарлы топырақ қабаты алынып, инертті материалдар жеткізілуде. Жұмысқа 63 техника жұмылдырылған. Жоба "Демеу Қазақстан қоры" қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар Аршалы ауданының Анар ауылдық округінде Анаркөл көліне арналған қорғаныс бөгетін қайта құру жұмыстары жүргізілуде.
"Қазіргі уақытта жұмыстардың 60%-ы аяқталған, ақпан айының соңына дейін бөгеттің 90%-ы дайын болады деп жоспарлануда. Көлдің толып кетуін және бөгеттен асып-тасуын болдырмау мақсатында Анаркөл көлі бөгетінің төменгі бөлігінде 15 су өткізу құрылысы орнатылады", - деп жазды әкімдік.
 Алматыдағы сел - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2024
Алматыда сел қаупі картасы қашан жасалады
Жаңалықтар
0