Елімізде ең үздік туристік 5 ауыл анықталды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент Токаев осмотрел село Родина
Президент Токаев осмотрел село Родина - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2025
Жазылу
Олар БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы (UNWTO) өткізетін UN Tourism Best Tourism Village байқауында Қазақстанды таныстырады
АЛМАТЫ, 1 ақпан - Sputnik. "Үздік туристік ауыл – 2025" ұлттық байқауында 5 ауыл жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Kazakh Tourism.
Жоба бірегей табиғи ландшафттары бар, дәстүрлер мен қолөнерді сақтаған ауылдық аумақтарды анықтауға және дамытуға бағытталған.
Облыс әкімдіктеріне байқауға өңірден үш ауылды ұсынуға мүмкіндік берілді. Қатысушыларды іріктеу кезінде табиғи және мәдени ресурстарға, елді мекендердегі дәстүрлі қызмет түрлерінің сақталуына ерекше көңіл бөлінді.
Байқау қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік 5 туристік ауылы анықталды:
Лепсі (Жетісу облысы, Алакөл ауданы)
Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы, Сырдария ауданы)
Хан Ордасы (БҚО, Бөкей ордасы ауданы)
Поперечное (ШҚО, Риддер ауданы)
Шабанбай би (Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы)
Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы (UNWTO) өткізетін UN Tourism Best Tourism Village байқауында Қазақстанды таныстырады.
Айта кетейік, 2023 жылы Алматы облысының Саты ауылы халықаралық деңгейде ең үздік туристік ауыл ретінде танылып, беделді UNWTO сыйлығымен марапатталды.
Жаңалықтар
0