Қазақстанда 1 ақпаннан бастап не өзгереді
11:35 01.02.2025 (жаңартылды: 11:37 01.02.2025)
© Sputnik / Владислав ВодневМонумент "Астана Байтерек", зима

© Sputnik / Владислав Воднев
Жазылу
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Бүгіннен бастап Қазақстанда автогаз қымбаттайды. Бөлшек саудадағы шекті баға өңірге байланысты 6 теңгеден 21 теңгеге дейін өседі.
Сондай-ақ, электр энергиясына шекті тарифтер де көтерілді. Sputnik Қазақстан 1 ақпанда болатын негізгі өзгерістерді ұсынады.
Елімізде автогаз қымбаттайды
Энергетика министрі бұйрығының жобасына сәйкес сұйытылған газдың шекті көтерме бағасы тоннасына 45 158 теңгеден 51 932 теңгеге дейін көтеріледі.
Осыған байланысты бөлшек саудадағы шекті баға өңірге байланысты 6 теңгеден 21 теңгеге дейін өседі.
Астана мен Алматыда баға литріне сәйкесінше 84 және 89 теңгеден 102 теңгеге дейін өседі. Шымкентте 70 теңгеден 90 теңгеге дейін қымбаттайды.
Елімізде 1 ақпаннан бастап автогаз қымбаттайды

Елімізде 1 ақпаннан бастап автогаз қымбаттайды
Қазақстан электр энергиясына шекті тарифтерді көтереді
Ең төменгі тарифтер "Қазақстан алюминийі" акционерлік қоғамында электр энергиясының киловатт-сағатына 7,87 (0,015 доллар) - 8,52 теңгеге (0,016 доллар) дейін болады.
Ең жоғары - "Степногорск ЖЭО" – сағатына 28,97 (0,05 доллар) теңгеден 38,67 теңгеге (0,07 доллар) дейін көтеріледі. Кейбір компанияларда тарифтер өзгерген жоқ..
Бұған дейін экономика министрлігі коммуналдық қызметтер қымбаттап бара жатқанын айтқан болатын. Ал премьер-министр Бектенов тарифтік саясатты жалғастырудың маңызды екен айтты, өйткені бұл көршілес тұтыну нарықтары бағасының өсуіне әсер етеді.
Алматыда су тарифтері өзгереді
Бүгіннен бастап "Алматы Су" мекемесі сумен жабдықтауға және су бұруға жаңа тарифтер енгізеді.
1 ақпаннан бастап судың бір текше метрінің орташа бағасы 135 теңге болады. Ал суды бұру қызметі 83 теңгеге дейін көтеріледі.
Қалалық табиғи монополиялары реттеу департаментінің басшысы Әсел Бөденееваның айтуынша, жаңа тарифтер су құбыры және кәріз желілерінің тозуын және апаттық жағдайлар санын төмендетуге, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді.
БАКАД бойынша жол жүру құнын екі есеге арттыру жоспарланып отыр
Көлік министрлігі "Ашық НҚА" порталына бұйрық жобасын орналастырды.
Жаңа жол жүру ақысы мынадай болады деп жоспарлануда:
жеңіл авто – 0,07 АЕК орнына 0,14 АЕК (550,48 теңге)
16 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 0,08 АЕК орнына 0,16 АЕК (629,12 теңге);
32 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 0,28 АЕК (1 100,96 теңге)
32 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 0,16 АЕК орнына 0,32 АЕК (1 258,24 теңге).
Бір айға және бір жылға арналған абонементтердің құны да екі есеге өседі.
Жоба 2025 жылғы 14 ақпанға дейін талқыланады.
Қазақ-өзбек шекарасында көліктерді өткізу үш айға тоқтатылады
1 ақпаннан бастап Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасында орналасқан "Тәжен" кеден бекетінің өткізу пункті арқылы жеке тұлғалар, жеңіл автокөліктер, автобустар және 3,5 тоннаға дейін жүк тиейтін автокөліктерді өткізу үш айға тоқтатылады. Бұл терминалды күрделі жөндеу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге және жалпы "Тәжен" өткізу пунктін жаңғыртуға байланысты. Бұл шешім Өзбекстан тарапымен келісім бойынша қабылданған.
Бұл ретте адамдар мен көліктер мына өткізу пункттері арқылы өте алады:
"Б.Қонысбаев" (Қазақстан) – "Яллама" (Өзбекстан) өткізу пункттері (жеке тұлғалар, жеңіл автокөліктер, автобустар және 3,5 тоннаға дейін жүктемелейтін автокөліктер);
"Қапланбек" (Қазақстан) – "Зангиота" (Өзбекстан) өткізу пункттері (жеке тұлғалар, жеңіл автокөліктер, автобустар);
"Сырдарья" (Қазақстан) – "Малик" (Өзбекстан) және "Целинный" (Қазақстан) – "Ок олтин" (Өзбекстан) өткізу пункттері арқылы (жеңіл автокөліктер, жеке тұлғалар).
Қазақстандық спортшылар Харбинде өтетін Азия ойындарына қатысады
Ақпанның 7-14 аралығында Қытайдың Харбин қаласында IX қысқы Азия ойындары өтеді.
Жарысқа еліміздің атынан 137 спортшы қатысады. Хоккейден ерлер мен әйелдер командалары топтық кезеңдерді 3 және 4 ақпанда бастайды
1-сынып оқушылары демалысқа шығады
10 ақпаннан бастап бірінші сынып оқушылары қосымша қысқы демалыста 7 күн демалады.