https://sputnik.kz/20250201/qazaqstan-quny-10-mlrd-dollar-bolatyn-tekhnologiyalyq-kompaniyalardy-quru-boyynsha-kosh-bastady-50479570.html
Қазақстан құны 10 млрд доллар болатын технологиялық компанияларды құру бойынша көш бастады
Қазақстан құны 10 млрд доллар болатын технологиялық компанияларды құру бойынша көш бастады
Sputnik Қазақстан
Қазақстан қазірдің өзінде Орталық Азияға инвестицияланатын бүкіл жаһандық венчурлық капиталдың 15-20%-ын иеленіп отыр 01.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-01T17:02+0500
2025-02-01T17:02+0500
2025-02-01T17:02+0500
қазақстан
цифрландыру
https://sputnik.kz/img/07e9/02/01/50478314_0:2:1081:610_1920x0_80_0_0_e620c0077b5aea1e3463d088e971da58.jpg
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Қазақстан АҚШ пен Қытайды қоса алғанда, әлемнің жетекші технологиялық экожүйелерімен тең болатын құны 1 млрд және 10 млрд доллар болатынстартаптарды тудыратын технологиялық экожүйені құрды. Бұл туралы стартаптар мен венчурлық инвестицияларды талдаудың әлемдік жетекші платформасы Dealroom.co негізін қалаушысы және бас директоры Йорам Вийнгаарде мәлімдеді.Digital Almaty-2025 халықаралық форумында сөйлеген сөзінде Йорам Вийнгаарде жаңа экожүйелер мен олардың жаһандық нарыққа ашатын мүмкіндіктерінің маңызын айтып өтті.Оның айтуынша, АҚШ пен Еуропа стартаптар саны бойынша көшбасшы болып қала береді. Алайда Азия елдері жоғары өсу қарқынын көрсетіп жатыр. Қазақстан қазірдің өзінде Орталық Азияға инвестицияланатын бүкіл жаһандық венчурлық капиталдың 15-20%-ын иеленіп отыр.Dealroom.co жұмысы барысында Қазақстандағы 101 стартап талданды, ал бұл өңірді зерттеудің бастамасы ғана. Вийнгаарде келер жылы Astana Hub халықаралық Технопаркімен ынтымақтастықты нығайтудың арқасында деректер базасы айтарлықтай кеңейетініне сенім білдірді. Бұл қазақстандық стартап-экожүйенің мүмкіндіктері мен үрдістерін дәлірек бағалауға мүмкіндік береді.Қазақстанның экожүйесін Dealroom.co платформасына интеграциялау халықаралық инвестициялар мен серіктестіктерге қолжетімділікті ашатын стратегиялық маңызы бар. Бұл қазақстандық стартаптарға капитал тартуға, жаһандық нарыққа шығуды жеделдетуге және инновациялардың әлемдік картасында ел позициясын нығайтуға көмектеседі.Еске салсақ, 31 қаңтар – 1 ақпан аралығы Алматыда "Атакент" көрме кешенінде Digital Almaty-2025 халықаралық форумы өтіп жатыр.Dealroom.co — бұл бүкіл әлем бойынша стартаптар, венчурлық инвестициялар және корпорациялар туралы деректерді жинайтын және талдайтын жаһандық платформа. 2013 жылы Амстердамда құрылған, Dealroom.co венчурлық инвесторлар мен стартаптар үшін аналитика мен деректердің негізгі көзі ретінде танылған. Платформада 2 миллионнан астам стартаптар мен инвесторлар туралы ақпарат бар, олар инвестициялық мүмкіндіктерді бағалауға, экожүйелерді талдауға және олардың өсуін болжауға бірегей мүмкіндік береді.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/01/50478314_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_72f60feeacd93b3e5058435da896934f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, цифрландыру
Қазақстан құны 10 млрд доллар болатын технологиялық компанияларды құру бойынша көш бастады
Қазақстан қазірдің өзінде Орталық Азияға инвестицияланатын бүкіл жаһандық венчурлық капиталдың 15-20%-ын иеленіп отыр
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Қазақстан АҚШ пен Қытайды қоса алғанда, әлемнің жетекші технологиялық экожүйелерімен тең болатын құны 1 млрд және 10 млрд доллар болатынстартаптарды тудыратын технологиялық экожүйені құрды. Бұл туралы стартаптар мен венчурлық инвестицияларды талдаудың әлемдік жетекші платформасы Dealroom.co негізін қалаушысы және бас директоры Йорам Вийнгаарде мәлімдеді.
Digital Almaty-2025 халықаралық форумында сөйлеген сөзінде Йорам Вийнгаарде жаңа экожүйелер мен олардың жаһандық нарыққа ашатын мүмкіндіктерінің маңызын айтып өтті.
Оның айтуынша, АҚШ пен Еуропа стартаптар саны бойынша көшбасшы болып қала береді. Алайда Азия елдері жоғары өсу қарқынын көрсетіп жатыр. Қазақстан қазірдің өзінде Орталық Азияға инвестицияланатын бүкіл жаһандық венчурлық капиталдың 15-20%-ын иеленіп отыр.
"Қазақстан стартап-экожүйелердің әлемдік аренасында маңызды ойыншы атанды. Мұнда көптеген жоғары технологиялық стартаптар дамып жатыр және аймаққа венчурлық капиталды инвестициялау айтарлықтай өсті. Қазақстан "декакорндардың", яғни 10 миллиард АҚШ долларынан асатын стартаптардың пайда болу динамикасы бойынша АҚШ-қа жетіп қана қоймай, озып та бара жатыр", - деп атап өтті Йорам Вийнгаарде.
Dealroom.co жұмысы барысында Қазақстандағы 101 стартап талданды, ал бұл өңірді зерттеудің бастамасы ғана. Вийнгаарде келер жылы Astana Hub халықаралық Технопаркімен ынтымақтастықты нығайтудың арқасында деректер базасы айтарлықтай кеңейетініне сенім білдірді. Бұл қазақстандық стартап-экожүйенің мүмкіндіктері мен үрдістерін дәлірек бағалауға мүмкіндік береді.
Қазақстанның экожүйесін Dealroom.co платформасына интеграциялау халықаралық инвестициялар мен серіктестіктерге қолжетімділікті ашатын стратегиялық маңызы бар. Бұл қазақстандық стартаптарға капитал тартуға, жаһандық нарыққа шығуды жеделдетуге және инновациялардың әлемдік картасында ел позициясын нығайтуға көмектеседі.
Еске салсақ, 31 қаңтар – 1 ақпан аралығы Алматыда "Атакент" көрме кешенінде Digital Almaty-2025 халықаралық форумы өтіп жатыр.
Dealroom.co — бұл бүкіл әлем бойынша стартаптар, венчурлық инвестициялар және корпорациялар туралы деректерді жинайтын және талдайтын жаһандық платформа. 2013 жылы Амстердамда құрылған, Dealroom.co венчурлық инвесторлар мен стартаптар үшін аналитика мен деректердің негізгі көзі ретінде танылған. Платформада 2 миллионнан астам стартаптар мен инвесторлар туралы ақпарат бар, олар инвестициялық мүмкіндіктерді бағалауға, экожүйелерді талдауға және олардың өсуін болжауға бірегей мүмкіндік береді.