Қазақстан киберқауіпсіздік бойынша БҰҰ рейтингінде үштікке енді

© Sputnik/Ертай СарбасовЦифровой форум Digital Almaty 2025
Цифровой форум Digital Almaty 2025 - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2025
Жазылу
Алматыда Digital Almaty 2025 форумы өтіп жатыр
АСТАНА, 1ақпан - Sputnik. Қазақстан Халықаралық электр байланысы одағының Tier 2 рейтингінде 3-орынға ие болып, киберқауіпсіздікте айтарлықтай жетістікке жетті., деп хабарлайды цифрлық даму министрлігі.
Алдағы жылдары ел алдында цифрлық қауіпсіздік саласындағы көшбасшылық позицияларды белгілейтін Tier 1 (Role-modeling) тобына кіру мақсаты тұр.
"Соңғы жылдары біз деректерге қол жеткізуді бақылау сервисі, Bug bounty платформасы, 220-дан астам мемлекеттік жүйелерді ақпаратты қорғау платформасымен интеграциялау секілді бірқатар маңызды бастамаларды енгіздік. Жасанды интеллект осал тұстарды анықтауда, кибершабуылдардың алдын алуда және азаматтарды қорғауда маңызды рөл атқарады", - деді өз сөзінде министрліктің ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов.
Негізгі бастамалардың ішінде Руслан Әбдіқалықов мамандарды даярлауға арналған зиянды кодты зерттеу орталығы мен киберполигонның іске қосылуын, "Киберқалқан-2" бағдарламасын кеңейтуді, eGov-та "СТОП-КРЕДИТ" функциясын енгізуді, дербес деректерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияларға қосылуды айтты.
Digital Almaty-2025 форумында жетекші сарапшылар ақпараттық қауіпсіздік саласында жасанды интеллектті (AI) қолдану мүмкіндіктерін, жаңа заңнамалық бастамаларды және деректерді қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты талқылады.
Бүгінде Қазақстанда 51 отандық компания жедел ақпараттық қауіпсіздік қызметтерін ұсынады. Бұл нарықтың дамуы шамадан тыс реттеусіз технологиялық сектормен ынтымақтастық саясатымен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте мемлекет дербес деректерді, ұлттық мүдделер мен қауіпсіздікті қорғауға қойылатын талаптарды белгілейді.
Жаңалықтар
0