https://sputnik.kz/20250201/memlekettik-qyzmetshilerge-biznespen-aynalysuga-tyyym-salgan-zanga-ozgeris-engiziledi-50481426.html
Мемлекеттік қызметшілерге бизнеспен айналысуға тыйым салған заңға өзгеріс енгізіледі
Мемлекеттік қызметшілерге бизнеспен айналысуға тыйым салған заңға өзгеріс енгізіледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірнеше маңызды бастаманы іске асыруға кірісті. Соның ішінде жемқорлардың тізімін... 01.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-01T16:31+0500
2025-02-01T16:31+0500
2025-02-01T16:38+0500
мемлекеттік қызметші
заң
https://sputnik.kz/img/894/98/8949856_0:208:2901:1839_1920x0_80_0_0_b0dc196283175006054f6d2c7bba315b.jpg.webp
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірнеше маңызды бастаманы іске асыруға кірісті. Соның ішінде жемқорлардың тізімін жариялау, пара ұсынғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу және тағы басқа маңызды өзгерістер бар. Алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілерге бизнеспен айналысуға тыйым салған заңға да түзетулер енгізіледі. Соның нәтижесінде кейбір басшыларға өз бизнесін ашуға рұқсат беріледі. Sputnik Қазақстан заңға енгізілетін маңызды өзгерістерді ұсынады.Конституциялық соттың шешіміБұған дейін Конституциялық сот мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген барлық тұлғаларға кәсіпкерлікпен және өзге де ақылы қызметпен айналысуға тыйым салу Ата заңымызға сәйкес келмейді деген шешімге келген. Сот мамандарының айтуынша, кәсіпкерлік қызметті шектеу лауазымдық міндеттердің сипатына байланысты болуға тиіс. Ондай шектеу тек нақты мемлекеттік органдарға қойылуы шарт. Олар:Осы ұйымдардың қызметкерлері мемлекеттік қызметші болмаса да, бақылау-қадағалау өкілеттіктерін атқарады. Ал ұлттық холдингтер мен компаниялардың теңестірілген тұлғалар отандық экономика үшін стратегиялық маңызы бар функцияларға ие.Қандай басшылар бизнеспен айналыса аладыКонституциялық сот мемлекеттік қызметшілер үшін тағы бірнеше жағдайда кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салуды ұсынып отыр. Атап айтқанда, қызмет олардың лауазымдық міндеттерін орындауға кедергі келтірсе немесе бұл қызметте қызметтік мүлікті пайдалану фактісі орын алғанда жағдайда, сондай-ақ, бұл қызмет олардың лауазымдық міндеттерімен мүдделер қақтығысын туындатса, бизнеспен айналысуға қатаң тыйым салынады.Заңға енгізілген түзетулер қабылданған жағдайда бірқатар ұйымдар мен мекемелердің басшылары мен олардың орынбасарларына бизнес ашуға рұқсат беріледі. Олар:Қазіргі кезде заң жобасы мәжілістің қарауына жатыр.Пара ұсыну оны бергенмен бірдей боладыЗаң жобасы аясында қаралып жатқан тағы бір маңызды бастама бар. Ол – пара ұсынғаны және оны беруге уәде еткені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу:Агенттіктің ресми өкілі Данияр Бигайдаровтың айтуынша, бұдан былай параны берген уақыттан бастап емес, оны ұсынған немесе беруге уәде еткеннен бастап қылмыстық жазаны енгізу ұсынылып отыр."Мәселен, бір адам көлік жүргізу куәлігін алуға емтихан тапсырайын деп жатыр. Сол кезде тест тапсырмай-ақ қояйыншы немесе басқа бір көмек сұрауы мүмкін, я болмаса, кәсіпкер бір лицензияны заңсыз алғысы келеді. Соны беретін мемлекеттік қызметшіге келіп, параны ұсынады, мәселені ақшамен шешуді ұсынады. Ондай жағдайда параны ұсынған сәттен бастап қылмыстық жауапкершілікті енгізу жоспарланып отыр. Заң қабылданса, солай болады", - дейді Бигайдаров.Параны ұсынғаны үшін қылмыстық жаза параны берумен бірдей болады. Қазіргі кезде Қылмыстық кодексте 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.Жемқорлардың тізімі жарияланадыМәжілістегі заң жобасы қабылданса, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін сотталғандардың тізімі де ашық жарияланады.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтың айтуынша, тізімге тек нақты айыптау үкімі шыққан адамдардың есімін енгізу ұсынылып отыр."Ал заңды күшіне енген ақтау үкімі және соттылықтың өтелуі адамды тізімнен шығаруға негіз болады. Тізілім агенттіктің сайтында орналастырылады және оны агенттіктің өзі жүргізіп отырады", - дейді Сарқұлов.Депутаттар бастаманы қолдаса, тізімді жүргізу тәртібі әзірленеді. Соның негізінде ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін сотталғандардың тізімі жасалады.Бұдан бөлек, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңға "Мүдделер қақтығысы" атты жаңа тарау енгізіліп отыр. Онда мүдделер қақтығысы болған жағдайда нақты іс-шаралар тәртібі көрсетілген. Осылайша, мемлекеттік қызметте туған-туыс пен дос-жаранды бақылау шаралары күшейтіледі.
https://sputnik.kz/20241002/memlekettik-qyzmetshilerge-tenestirilgen-tulgalar-kasipkerlikpen-aynalysa-alady-47489135.html
https://sputnik.kz/20250115/memlekettik-qyzmette-tugan-tuys-pen-dos-zharandy-baqylau-kusheytiledi-49984643.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/894/98/8949856_84:0:2815:2048_1920x0_80_0_0_6517a02eca7e3206374b8435407b9500.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекеттік қызметші, заң
мемлекеттік қызметші, заң
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірнеше маңызды бастаманы іске асыруға кірісті. Соның ішінде жемқорлардың тізімін жариялау, пара ұсынғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу және тағы басқа маңызды өзгерістер бар. Алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілерге бизнеспен айналысуға тыйым салған заңға да түзетулер енгізіледі. Соның нәтижесінде кейбір басшыларға өз бизнесін ашуға рұқсат беріледі.
Sputnik Қазақстан заңға енгізілетін маңызды өзгерістерді ұсынады.
Конституциялық соттың шешімі
Бұған дейін Конституциялық сот мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген барлық тұлғаларға кәсіпкерлікпен және өзге де ақылы қызметпен айналысуға тыйым салу Ата заңымызға сәйкес келмейді деген шешімге келген. Сот мамандарының айтуынша, кәсіпкерлік қызметті шектеу лауазымдық міндеттердің сипатына байланысты болуға тиіс. Ондай шектеу тек нақты мемлекеттік органдарға қойылуы шарт. Олар:
азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым;
қаржы нарығын реттеу агенттігі;
ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар.
Осы ұйымдардың қызметкерлері мемлекеттік қызметші болмаса да, бақылау-қадағалау өкілеттіктерін атқарады. Ал ұлттық холдингтер мен компаниялардың теңестірілген тұлғалар отандық экономика үшін стратегиялық маңызы бар функцияларға ие.
"Сонымен қатар, тұрақты негізде қызмет ететін сайлау комиссиясы мүшелері үшін бұл тыйым сақталады, себебі бұл шектеу "Сайлау туралы" конституциялық заңмен бекітілген", - дейді сыбайлас жемқорлық агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров.
Қандай басшылар бизнеспен айналыса алады
Конституциялық сот мемлекеттік қызметшілер үшін тағы бірнеше жағдайда кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салуды ұсынып отыр. Атап айтқанда, қызмет олардың лауазымдық міндеттерін орындауға кедергі келтірсе немесе бұл қызметте қызметтік мүлікті пайдалану фактісі орын алғанда жағдайда, сондай-ақ, бұл қызмет олардың лауазымдық міндеттерімен мүдделер қақтығысын туындатса, бизнеспен айналысуға қатаң тыйым салынады.
Заңға енгізілген түзетулер қабылданған жағдайда бірқатар ұйымдар мен мекемелердің басшылары мен олардың орынбасарларына бизнес ашуға рұқсат беріледі. Олар:
республикалық мемлекеттік кәсіпорындар ;
коммуналдық кәсіпорындар, коммуналдық мемлекеттік мекемелер (мектептер, ауруханалар және т.б.);
Қазіргі кезде заң жобасы мәжілістің қарауына жатыр.
Пара ұсыну оны бергенмен бірдей болады
Заң жобасы аясында қаралып жатқан тағы бір маңызды бастама бар. Ол – пара ұсынғаны және оны беруге уәде еткені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу:
Агенттіктің ресми өкілі Данияр Бигайдаровтың айтуынша, бұдан былай параны берген уақыттан бастап емес, оны ұсынған немесе беруге уәде еткеннен бастап қылмыстық жазаны енгізу ұсынылып отыр.
"Мәселен, бір адам көлік жүргізу куәлігін алуға емтихан тапсырайын деп жатыр. Сол кезде тест тапсырмай-ақ қояйыншы немесе басқа бір көмек сұрауы мүмкін, я болмаса, кәсіпкер бір лицензияны заңсыз алғысы келеді. Соны беретін мемлекеттік қызметшіге келіп, параны ұсынады, мәселені ақшамен шешуді ұсынады. Ондай жағдайда параны ұсынған сәттен бастап қылмыстық жауапкершілікті енгізу жоспарланып отыр. Заң қабылданса, солай болады", - дейді Бигайдаров.
Параны ұсынғаны үшін қылмыстық жаза параны берумен бірдей болады. Қазіргі кезде Қылмыстық кодексте 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жемқорлардың тізімі жарияланады
Мәжілістегі заң жобасы қабылданса, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін сотталғандардың тізімі де ашық жарияланады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтың айтуынша, тізімге тек нақты айыптау үкімі шыққан адамдардың есімін енгізу ұсынылып отыр.
"Ал заңды күшіне енген ақтау үкімі және соттылықтың өтелуі адамды тізімнен шығаруға негіз болады. Тізілім агенттіктің сайтында орналастырылады және оны агенттіктің өзі жүргізіп отырады", - дейді Сарқұлов.
Депутаттар бастаманы қолдаса, тізімді жүргізу тәртібі әзірленеді. Соның негізінде ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін сотталғандардың тізімі жасалады.
Бұдан бөлек, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңға "Мүдделер қақтығысы" атты жаңа тарау енгізіліп отыр. Онда мүдделер қақтығысы болған жағдайда нақты іс-шаралар тәртібі көрсетілген. Осылайша, мемлекеттік қызметте туған-туыс пен дос-жаранды бақылау шаралары күшейтіледі.