Мемлекеттік органдардың инфрақұрылымын дамытуға 34 млрд теңге жұмсалады

© Sputnik / Абзал КалиевСитуация в казахстанских ЦОНах , 28.09.2022 г.
Ситуация в казахстанских ЦОНах , 28.09.2022 г. - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 1 ақпан - Sputnik. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы Қазақстандағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері үшін серверлік жабдықтармен қамтамасыз ету жобасын іске асыруда, дейді цифрлық даму министрлігі.
Жобаға "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ несие жолымен қаржы бөледі.
Жоба аясында заманауи серверлік жабдықтар сатып алынып, орнатылады. Жобаның жалпы құны – 34,3 миллиард теңге.
"Бұл жобаны жүзеге асыру мемлекеттік ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі үшін сенімді және ақауға төзімді инфрақұрылымды жасауға мүмкіндік береді. Бұл тек деректерді қорғауды ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарта отырып, елдің цифрлық трансформациясында маңызды қадам болады", – дейді "Қазақстанның Даму Банкі" басқарма төрағасы Марат Елібаев.
Қаржылық даму банкі бюджет қаражатын айтарлықтай жұмсамай-ақ серверлік инфрақұрылымды жылдам дамытуға мүмкіндік береді. Бұл жоба мемлекеттік жүйелердің цифрлық қауіпсіздігін дамыту және нығайту үшін маңызды қадам болады.
Жаңалықтар
0