Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Ақтөбе облысында ұсталды

© Photo : Pexels / Tima MiroshnichenkoНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2025
Жазылу
Ол "Жайсан" теміржол өткізу пунктінде ұсталған
АЛМАТЫ, 1 ақпан - Sputnik. Ақтөбе облысында Молдава Республикасы іздеу жариялаған өзбекстандық ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ол "Жайсан" теміржол өткізу пунктінде ұсталған.
"Молдованың ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросымен есірткі заттарын заңсыз тасымалдағаны үшін іздеуде жүрген өзбекстандық азамат ұсталды", - деп жазды ведомство.
2013 жылы күдікті басқа адамдармен бірге есірткі заттарын жеткізудің халықаралық арнасын ұйымдастырған. Молдоваға кірер кезде одан 46 грамм героин табылған. Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтар
0