Былтыр отандық әуе компаниялары 15 миллионға жуық жолаушы тасымалдаған

© Sputnik / Тимур БатыршинДосмотр пассажиров в зоне внутренних вылетов алматинского аэропорта
Досмотр пассажиров в зоне внутренних вылетов алматинского аэропорта - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2025
Жазылу
1 ақпан – Азаматтық авиация қызметкерлері күні
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. 2024 жылы қазақстандық әуе компаниялары 14,7 млн жолаушы тасымалдаған. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 11%-ға артық., деп хабарлайды азаматтық авиация комитеті.
Комитет кәсіби мереке қарсаңында авиация саласындағы жетістіктермен бөлісті.
Бүгінгі таңда қазақстандық әуе компанияларының ұшақтар паркі 104 ұшақтан тұрады. 2025 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 118 әуе кемесіне дейін артады, бұл жолаушылар үшін ішкі және халықаралық тасымалдаудың қолжетімділігі мен жайлылық деңгейін жақсартады.
"Әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғырту аясында 2024 жылы Алматы, Қызылорда және Шымкент қалаларының әуежайларында 3 жаңа жолаушылар терминалының құрылысы аяқталып, республикадағы 8 әуежайдың аэродром беткейлеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді", - делінген комитет хабарламада.
2024 жылы 22 халықаралық әуе бағыты ашылды және қайта іске қосылды.
Қазақстанның Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкестік деңгейі 82%-ды құрайды. Бұл алдыңғы қатарлы Еуропа елдерінің деңгейімен салыстыруға болады. Қазақстандық әуе компанияларының Еуроодақ елдеріне ұшуына ешқандай шектеулер жоқ.
Қазіргі уақытта Қазақстанның азаматтық авиациясында 25 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Авиатор мамандығына деген қызығушылық жыл сайын артып келеді. Авиация тек ұшқыштар мен бортсеріктер ғана емес, ол әуе көлігінің қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ететін әртүрлі мамандар мен технологиялардың үлкен кешені.
Жаңалықтар
0