АҚШ-та медициналық ұшақ апатқа ұшырады

© РИА НовостиАвиакатастрофа в Филадельфии США
Авиакатастрофа в Филадельфии США - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2025
Жазылу
Ұшақта төрт экипаж мүшесі, науқас бала және оның туысы болған
АСТАНА, 1 ақпан - Sputnik. Филадельфияда медициналық ұшақ тұрғын үйлерге құлады. Әуе борты АҚШ-қа емделуге барған науқас қызды Мексикаға апара жатқан, деп хабарлайды РИА Новости.
Ұшақта төрт экипаж мүшесі, науқас бала және оның туысы болған.
Мексикалық қыз қайырымдылық бағдарламасы аясында штатта ем алған. Апаттан қаза тапқандардың бірі – қыздың анасы.
Апатқа ұшыраған – жергілікті әуежайдан апатқа дейін жарты минут бұрын ұшқан Lear 55 медициналық ұшағы.
Филадельфия мэрі Шерелл Паркер хабарлағандай, апат салдарынан бірнеше үй мен көліктерге зақым келген. Қазіргі уақытта тұрғындар арасында құрбан болғандар туралы мәлімет жоқ.
Бұл – АҚШ-тағы бір аптадағы екінші ұшақ апаты. Бұрын Вашингтонда әскери ұшақ жолаушылар ұшағыен соқтығысқан. Кеме бортында 60 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі, ал тікұшақта бортында үш адам болған.
Жаңалықтар
0