Жасанды интеллект елімізде қанша адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін

© Sputnik/Ертай СарбасовЦифровой форум Digital Almaty 2025
Цифровой форум Digital Almaty 2025 - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2025
Жазылу
Министр Жаслан Мәдиев оның нақты санын айта алмады
АЛМАТЫ, 31 қаңтар - Sputnik. "Digital Almaty -2025" форумында жасанды интеллект Қазақстандағы жұмыс күшіне қалай әсер ететіні айтылды.
Бес жылда 1 млн қазақстандық жасанды интеллектіні меңгереді. Олар оқушылар, мемлекеттік корпорация қызметкерлері. Білім алам деушілерге шектеу жоқ.
Жасанды интеллект дамыса, Қазақстанда қанша адам жұмыссыз қалады деген журналистердің сұрағына цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жауап берді.
"Жасанды интеллектінің қарапайым жұмыс күшіне қаншалықты әсер ететінін есептеп жатырмыз. Жаңа технологияны пайдаланғанда, жаңа жұмыс орындары пайда болады. Ал Қазақстанға жасанды интеллект не үшін керек, мысалы 5 күнде істелетін жұмысты 4 күнде атқарып тастауға болады", - дейді министр.
Жаслан Мәдиев жаңа технологияның тиімді тұстарын ғана айтты.
Цифровой форум Digital Almaty 2025 - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2025
Қазақстанда бес жылда 1 млн адам жасанды интеллектіні меңгереді – Бектенов
Жаңалықтар
0