https://sputnik.kz/20250131/prezidenttik-zhastar-kadr-rezervine-umitkerler-qalay-irikteledi-50468761.html
Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлер қалай іріктеледі
Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлер қалай іріктеледі
Sputnik Қазақстан
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі осы мәселені түсіндірді 31.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-31T21:16+0500
2025-01-31T21:16+0500
2025-01-31T21:35+0500
мемлекет
әкімдік
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1f/50462948_0:78:1005:643_1920x0_80_0_0_79fc31cd6db46e28e1061777af787ffc.jpg.webp
АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik. 31 қаңтарда Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде алқа отырысы өтіп, онда резервке іріктеу тәртібін одан әрі жетілдіру жоспарлары талқыланды.Белгілі болғандай, 2019 жылы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Президенттік жастар кадр резервінің құрылуы дарынды жастарды мемлекеттік басқару саласына тартуға кең мүмкіндіктер берген. Қазақстандық мемлекеттік қызметшілердің жас буыны әлеуметтік сатының нақты мүмкіндігіне ие болды.2024 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша өткен алқа мәжілісінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай алдағы уақытта іріктеу тәртібі қалай жетілдірілетінін айтты.Атап айтқанда, болашақ резервтегілерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктеріне қатысты ережелерді нақтылау ұсынылады. 2025 жылдан бастап резервтегі мүшелерді тек саяси және әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға тағайындау жоспарлануда. Резервтің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметте еліміздің дамуы үшін қызмет етуге дайын жас мамандарды іріктеу.Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың өңірлік кадрлық резервтеріне бірінші іріктеудің қорытындылары туралы ақпарат жарияланды.Өткен жылдың қыркүйек айында Өңірлік резервтерге іріктеліп алынған 505 адамның 76-сы жергілікті атқарушы органдардағы "Б" корпусының лауазымдарына жұмысқа орналасты.
https://sputnik.kz/20241011/densaulyq-saqtau-ministrligi-kadr-tapshylygyn-qalay-sheshedi-47778003.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1f/50462948_23:0:983:720_1920x0_80_0_0_cedf19e7f37c6991e0d1da37836e621a.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекет, әкімдік
Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлер қалай іріктеледі
21:16 31.01.2025 (жаңартылды: 21:35 31.01.2025) Мемлекеттік қызмет істері агенттігі осы мәселені түсіндірді
АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik. 31 қаңтарда Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде алқа отырысы өтіп, онда резервке іріктеу тәртібін одан әрі жетілдіру жоспарлары талқыланды.
Белгілі болғандай, 2019 жылы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Президенттік жастар кадр резервінің құрылуы дарынды жастарды мемлекеттік басқару саласына тартуға кең мүмкіндіктер берген. Қазақстандық мемлекеттік қызметшілердің жас буыны әлеуметтік сатының нақты мүмкіндігіне ие болды.
2024 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша өткен алқа мәжілісінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай алдағы уақытта іріктеу тәртібі қалай жетілдірілетінін айтты.
Атап айтқанда, болашақ резервтегілерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктеріне қатысты ережелерді нақтылау ұсынылады. 2025 жылдан бастап резервтегі мүшелерді тек саяси және әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға тағайындау жоспарлануда. Резервтің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметте еліміздің дамуы үшін қызмет етуге дайын жас мамандарды іріктеу.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың өңірлік кадрлық резервтеріне бірінші іріктеудің қорытындылары туралы ақпарат жарияланды.
Өткен жылдың қыркүйек айында Өңірлік резервтерге іріктеліп алынған 505 адамның 76-сы жергілікті атқарушы органдардағы "Б" корпусының лауазымдарына жұмысқа орналасты.