Өскеменде жанып кеткен үйдің жертөлесінде үш адамның мәйіті табылды

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаТЖМ мамандары
ТЖМ мамандары - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2025
Жазылу
Облыстық полиция департаментінің басшылығы тергеу барысын жеке бақылауға алды
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Өскемен қаласында жанып кеткен жеке меншік үйдің жертөлесінде үш адамның мәйіті табылды. Полиция осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бір адамды ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жертөледе табылған марқұмдардың басында өткір заттан болатын жарақаттар анықталды. Полиция күдіктіні ұстады.
"Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Полиция қылмыстың барлық мән-жайлары мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде", - дейді тәртіп сақшылары.
Облыстық полиция департаментінің басшылығы тергеу барысын жеке бақылауға алды.
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша екі немесе одан көп адамды өлтіргені үшін он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру немес не өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0