Мүгедек балалардың ата-аналарынан ақша жинаған мебдике сотталды

© Sputnik / Андрей Старостин / Медиабанкке өтуСот құралы
Сот құралы - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Шымкент қаласында мүгедек балалардың ата-аналарынан ақша жинаған мебдике мен оның сыбайласы сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушы Бегалаева мен №12 қалалық емхананың медбикесі Ирбаева мүгедектік топтарын ақшаға белгілеп отырған. Біреуі пара алса, екіншісі мүгедек балалардың ата-аналарынан ақша жинап жүрген.
"Бегалаева бірнеше рет пара алғаны үшін, Ирбаева мүгедектік топтарын келіскені үшін - мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарынан жалпы сомасы 500 мың теңгеге пара алуда бірнеше рет делдалдық жасағаны үшін - кінәлі деп танылды", - деді агенттіктің ресми өкілі Даниял Бигайдаров бүгінгі брифингте.
Сот үкімімен Бегалаеваға 23,3 млн теңге, Ирбаеваға 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Айта кетері, айыппұл төленбеген жағдайда қамауға алу шарасы қолданылады.
Диплом об окончании вуза - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2025
Жалған дипломмен ұсталған 250 бапкердің ішінде басшы да бар - Антикор
Жаңалықтар
0