https://sputnik.kz/20250131/elimizde-zanga-qayshy-kontent-kolemi-eki-ese-osken--balaeva-50440643.html
Елімізде заңға қайшы контент көлемі екі есе өскен — Балаева
Елімізде заңға қайшы контент көлемі екі есе өскен — Балаева
Sputnik Қазақстан
Өткен жылы онлайн-платформаларда 78 539 заңға қайшы материал анықталып, оның 24,3%-ы жойылған 31.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-31T09:51+0500
2025-01-31T09:51+0500
2025-01-31T09:51+0500
жалған ақпарат
аида балаева
ақпараттық ресурстар
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/0d/48486303_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_c5095970daceb9fbcedf23820c4e2baf.jpg.webp
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева желілік ресурстардың әкімшілері мен желі қолданушыларына үндеу жолдады.Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта интернет кеңістігінде бірқатар өзекті мәселелер қызу талқыланып жатыр.Мониторинг көрсеткендей, онлайн-платформаларда көбінесе заңға қайшы, қарапайым тілмен айтқанда, шындыққа жанаспайтын ақпарат жиі таралады.Министр осыған байланысты желілік ресурстардың әкімшілерін жаңалықтар ағынын мұқият қадағалап, расталмаған ақпараттың таралуына жол бермеуге және заңға қайшы контентті жоюға шақырды.Ол әлеуметтік желі қолданушыларынан да ойланбай әрекет етпеуді, сондай-ақ заң талаптарына сәйкес онлайн-платформаның бұғатталуы мүмкін жазбалар мен пікірлер қалдырмауды сұрады.Балаева миллиондаған азамат жаңалықтарды онлайн платформалардан алатынын ескере отырып, министрлік тыйым салу шараларына сирек жүгінетінін атап өтті.Дегенмен, желілік ресурстардың әкімшілері де өз әрекеттерінің салдарын түсініп, ақпарат таратуда ең алдымен оқырман мен қоғам алдындағы жауапкершілікті жіті ұғынуға тиіс, дейді ол.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/0d/48486303_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_7e9b53a03d3bb054a529bec71ca6ae59.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалған ақпарат, аида балаева, ақпараттық ресурстар
жалған ақпарат, аида балаева, ақпараттық ресурстар
Елімізде заңға қайшы контент көлемі екі есе өскен — Балаева
Өткен жылы онлайн-платформаларда 78 539 заңға қайшы материал анықталып, оның 24,3%-ы жойылған
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева желілік ресурстардың әкімшілері мен желі қолданушыларына үндеу жолдады.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта интернет кеңістігінде бірқатар өзекті мәселелер қызу талқыланып жатыр.
Мониторинг көрсеткендей, онлайн-платформаларда көбінесе заңға қайшы, қарапайым тілмен айтқанда, шындыққа жанаспайтын ақпарат жиі таралады.
"Статистикаға сүйенсек, 2023 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықта Қазақстан интернет сегментінде анықталған заңға қайшы контент көлемі екі есе өсіп, 116 354 материалға жетті. Ең көп таралған заңбұзушылықтар қатарында – терроризмді, діни экстремизмді және есірткі құралдарын насихаттау, онлайн-казино мен қаржы пирамидаларын жарнамалау бар. Өткен жылы онлайн-платформаларда 78 539 заңға қайшы материал анықталып, оның 24,3%-ы жойылды", - деп жазды Балаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Министр осыған байланысты желілік ресурстардың әкімшілерін жаңалықтар ағынын мұқият қадағалап, расталмаған ақпараттың таралуына жол бермеуге және заңға қайшы контентті жоюға шақырды.
Ол әлеуметтік желі қолданушыларынан да ойланбай әрекет етпеуді, сондай-ақ заң талаптарына сәйкес онлайн-платформаның бұғатталуы мүмкін жазбалар мен пікірлер қалдырмауды сұрады.
Балаева миллиондаған азамат жаңалықтарды онлайн платформалардан алатынын ескере отырып, министрлік тыйым салу шараларына сирек жүгінетінін атап өтті.
Дегенмен, желілік ресурстардың әкімшілері де өз әрекеттерінің салдарын түсініп, ақпарат таратуда ең алдымен оқырман мен қоғам алдындағы жауапкершілікті жіті ұғынуға тиіс, дейді ол.