"Digital Almaty 2025" форумында 80-нен астам жоба ұсынылды

© Sputnik/Ертай СарбасовDigital Almaty 2025 цифрлық форумы
Digital Almaty 2025 цифрлық форумы - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2025
Жазылу
Стартап-аллеяға қатысушылардың арасында Орталық Азияның жетекші стартаптарына айналған Astana Hub резиденттері де бар
АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik. "Digital Almaty 2025" стартап-аллеясында 80-нен астам жоба ұсынылды, деп хабарлады цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
"Digital Almaty 2025 технологиялық форумында қазақстандық жетекші стартаптар Стартап аллеясында өздерінің инновациялық әзірлемелерін көрсетуде. Мұндай іс-шараларға қатысу стартаптар үшін ауқымды кеңейтуге, инвестиция тартуға және халықаралық нарыққа шығуға жаңа мүмкіндіктер ашады", - делінген хабарламада.
Стартап-аллеяға қатысушылардың арасында Орталық Азияның жетекші стартаптарына айналған Astana Hub резиденттері де бар, делінген хабарламада.
31 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Алматыда "Атакент" көрме кешенінде "Digital Almaty 2025" халықаралық форумы өтіп жатыр.
Цифровой форум Digital Almaty 2025 - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2025
Қазақстанда бес жылда 1 млн адам жасанды интеллектіні меңгереді – Бектенов
Жаңалықтар
0