"Digital Almaty - 2025": Иран мен Қырғызстанда жасанды интеллект қалай дамып жатыр

© Sputnik/Ертай Сарбасов Digital Almaty 2025 цифрлық форумы
 Digital Almaty 2025 цифрлық форумы - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2025
Жазылу
Қырғызстанда цифрлық технология 10 жылдан бері дамып келеді
АСТАНА, 31 қаңтар - Sputnik. Алматыда халықаралық цифрлық "Digital Almaty - 2025" халықаралық форумы өтіп жатыр. Жасанды интеллект Иран мен Қырғызстанда да белсенді дамып жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жасанды интеллектіні дамытуда Иран да көштен қалып жатпағанын айтты. Цифрлық технологоиядан Иран көшбасшы мемлекеттердің бірі, Иран Ислам республикасы президентінің вице-президенті Мохаммад-Реза Ареф.
"Жасанды интеллект жұмыстарын дамытуда компаниялар саны бойынша 2024 жылы 4-ші орынды алдық. Көптеген салаларды дамытуға үлкен мүмкіндіктер беруде. Жасанды интеллект саласында технологиялық дипломатия күн тәртібінен түскен емес. Жаңа технологияларды дамытуда едәуір жетістікке жеттік", - дейді Мохаммад-Реза Ареф.
Ал қырғыздар жасанды интеллект дамыту туралы ұлттық кеңестің бекітілгенін айтты.
"Қырғызстанда цифрлық технология 10 жылдан бері дамып келеді. Қазіргі әлем қарқынды дамуда. Қырғызстан қазір инновациялық экожүйелерді дамытуда бастамашы болып отыр. Инвестициялар салынып жатыр. ", - Әділбек Қасымалиев Қырғыз Республикасы министрлер кабинетінің төрағасы.
Биылғы 2025 жыл Қырғызстан үшін жасанды интеллектіні дамытуда шешуші жыл, делі ол.
"Мемлекеттік қызметкер мен ІТ мамандар даярлауды барынша қолға алып жатырмыз. Біздің аймақ жаһандық цифрлық хаб болуға дайын. Мысалы, жоғарғы дамыту институттарының қатысуын дамыту, бірыңғай орган құру, пилоттық жобаға бастамашы болуға дайынбыз. Біз жаңа кезеңнің табалдырығында тұрмыз. Цифрлық форумның алаңы жасанды интеллект алаңын халықаралық деңгейде көтеруге үлкен мүмкіндік" - дейді Әділбек Қасымалиев.
Цифровой форум Digital Almaty 2025 - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2025
Ресей ЕАЭО-ны жылдам әрі арзан интернетпен қамтамасыз ете алады - Мишустин
Жаңалықтар
0