"Digital Almaty - 2025": Беларусь жасанды интеллект арқылы қатерлі ісіктің алдын алмақ

© Sputnik/Ертай СарбасовЦифровой судебный исполнитель
Цифровой судебный исполнитель - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2025
Жазылу
Беларусь жасанды интеллектіні ең бірінші кезекте халықтың өмір сүру деңгейін дамыту үшін жасау керек деп санайды
АЛМАТЫ, 31 қаңтар - Sputnik. Алматыда халықаралық цифрлық "Digital Almaty - 2025" халықаралық форумы өтіп жатыр. Форумда сөз сөйлеген Әзербайжан мен Беларусь премьерлері елдер экономиканы дамыту үшін жасанды интеллектіні барынша қолданып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әзербайжанда биыл цифрлық даму тұжырымдамасы бекітілді. Бұл мемлекетте жасанды интеллект үш бағыт бойынша дамып жатыр. Премьер-министр Али Асадовтың айтуынша, жасанды интеллектіні дамытуды бірігіп қолға алу керек.
Ал Беларусь мемлекетінің премьер-министрі Роман Головченко жасанды интеллект бұл мемлекетте барынша дамытып жатқанын айтты.
"Біз жасанды интеллектіні 2 бағытта дамытып жатырмыз: әлеуметтік бағытта, медицина саласында қолданып жатырмыз. Беларусь едәуір табысқа жетті, ақылды биометриалық костюмдер ойлап таптық. Қатерлі ісіктің алдын алу жұмыстары жасалды", - дейді Роман Головченко.
Беларусь жасанды интеллектіні ең бірінші кезекте халықтың өмір сүру деңгейін дамыту үшін жасау керек деп санайды.
"Жасанды интеллект бірінші кезекте біздің халқымызға арналып жасалуда. Спорт саласында да қолданып жатырмыз, талантты балаларға үлкен мүмкіндіктер жасалып жатыр. Ауыл шаруашылығы, тау-кен саласында осы жасанды интеллект арқылы оңтайландыру, дамыту жүргізіп жатыр. Логистикада жазатайым оқиғалардың алдын алуға, азық-түлік қауіпсіздігін арттыруда қолданылуда", - дейді Беларусь премьер-министріі.
Головченко беларусь жасанды интеллектіні құжаттарды жүйелеуде, жаңа заңнамалық актілерде пайдаланып жатқанын айтты.
Жаңалықтар
0