Балқашта техникалық селеннің бірінші партиясы жөнелтілді

Қазақмыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2025
Жазылу
Қазақстанда алғаш рет өнеркәсіптік мақсатта вакуумды айдаудың бірегей әдісі қолданылды
АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik. Балқашта "Қазақмыс прогресс" кәсіпорны СТ-1 техникалық маркалы селен шығарды. 100 тонна өнімнің бірінші партиясы жөнелтілді. Бұл туралы "Қазақмыс" компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
"Бүгінде селен күн батареяларын, көшіру машиналарын, шыны, керамика өндірісінде, сондай-ақ медицина мен химия өнеркәсібінде қолданылады. Балқашта жаңа өндірістің іске қосылуы Қазақстан мен "Қазақмыстың" әлемдік түсті металдар нарығындағы экономикалық позицияларын нығайтуға жол ашады", - делінген хабарламада.
Қазақстанда алғаш рет вакуумды айдаудың бірегей әдісі өнеркәсіптік мақсатта қолданылғаны айтылды. Технологияны Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің Металлургия және кен байыту институтының ғалымдары әзірлеген.
Бірегей қондырғы әлемдік түсті металдар нарығының талаптарына жауап беретін өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді. Әдіс селенді реагенттерсіз тазартудың жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді, бұл процесті экологиялық қауіпсіз етеді.
Балқаш өнеркәсіп алаңында бағалы металдар өндірісінде қосымша өнім ретінде өндірілетін шикі селенді тазарту жобасы 2020 жылы басталды. 2022 жылы жаңа өндіріс орны іске қосылды, ал 2023 жылы оның өнеркәсіптік жұмысы басталды.
Каски рабочих, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2024
"Қазақмыс" жұмысшылары ереуілді тоқтатып, жұмысқа кірісті
Жаңалықтар
0