https://sputnik.kz/20250131/askeri-qyzmetshilerdin-tamaqtanu-ratsionyna-ulttyq-tagamdar-qosyldy-50440987.html
Әскери қызметшілердің тамақтану рационына ұлттық тағамдар қосылды
Әскери қызметшілердің тамақтану рационына ұлттық тағамдар қосылды
Sputnik Қазақстан
Ұлттық ұлан әскери қызметшілердің тамақтану рационына ұлттық тағамдарды енгізуде бастамашы болды 31.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-31T10:12+0500
2025-01-31T10:12+0500
2025-01-31T10:12+0500
ұлттық ұлан
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1f/50439321_0:133:2560:1573_1920x0_80_0_0_ec7038f5142472fc027e10e0316c454a.jpg
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Ұлттық ұлан әскери қызметшілердің тамақтану рационына ұлттық тағамдар қосылды.Бұл туралы Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, ҰҚК Шекара қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігі тыл қызметтері өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында белгілі болды.Жаңартылған армиялық рационға қазақша ет, сірне, наурыз-көже, нарын, кеспе, бауырсақ және басқа да дәстүрлі тағамдар енгізіледі.Ұсынылып отырған өзгерістер алдын ала Қазақ тамақтану академиясымен келісілген. Себебі калориясы мен энергетикалық құндылығы жоғары ұлттық тағамдармен байытылған рацион зат алмасуды, иммунитетті жақсартуға және қарқынды жүктемеден кейін күш-қуатты қалпына келтіруге ықпал етеді.Бұл бастама әскери қызметшілердің денсаулығын нығайтып қана қоймай, оларды патриоттық рухта тәрбиелеуде маңызы рөл атқарады.Айта кетсек, өткен жылы құқықтық тәртіп әскерлерінде жаңартылған рационға апробация жүргізілді. Ұландықтар бұл бастаманы ықыласпен қарсы алды. Олар дәстүрлі тағамдардың әскери қызметте қолайлы жағдай жасап, психологиялық көңіл-күйдің жақсы болуына өз септігін тигізетінін атап өтті.
https://sputnik.kz/20250129/elordada-ulandyqtar-zheniske-100-kun-qalganda-aktsiyasyn-bastady-50374009.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1f/50439321_143:0:2418:1706_1920x0_80_0_0_ad8a3d2f59e830ad6d84e8b91d9c094f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық ұлан
Әскери қызметшілердің тамақтану рационына ұлттық тағамдар қосылды
Ұлттық ұлан әскери қызметшілердің тамақтану рационына ұлттық тағамдарды енгізуде бастамашы болды
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Ұлттық ұлан әскери қызметшілердің тамақтану рационына ұлттық тағамдар қосылды.
Бұл туралы Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, ҰҚК Шекара қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігі тыл қызметтері өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында белгілі болды.
Жаңартылған армиялық рационға қазақша ет, сірне, наурыз-көже, нарын, кеспе, бауырсақ және басқа да дәстүрлі тағамдар енгізіледі.
"Әскери тамақтануға ұлттық тағамдарды енгізу - бұл аспаздық жаңалық қана емес, әскери қызметшілеріміздің жауынгерлік рухын нығайту мен мәдени бірегейлігін сақтаудағы маңызды қадам", - деп атап өтті Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары Еркебұлан Хамидуллин.
Ұсынылып отырған өзгерістер алдын ала Қазақ тамақтану академиясымен келісілген. Себебі калориясы мен энергетикалық құндылығы жоғары ұлттық тағамдармен байытылған рацион зат алмасуды, иммунитетті жақсартуға және қарқынды жүктемеден кейін күш-қуатты қалпына келтіруге ықпал етеді.
Бұл бастама әскери қызметшілердің денсаулығын нығайтып қана қоймай, оларды патриоттық рухта тәрбиелеуде маңызы рөл атқарады.
Айта кетсек, өткен жылы құқықтық тәртіп әскерлерінде жаңартылған рационға апробация жүргізілді. Ұландықтар бұл бастаманы ықыласпен қарсы алды. Олар дәстүрлі тағамдардың әскери қызметте қолайлы жағдай жасап, психологиялық көңіл-күйдің жақсы болуына өз септігін тигізетінін атап өтті.