https://sputnik.kz/20250131/aqtaulyq-zhattyqtyrushy-qyzdyn-olimi-istin-basty-figuranty-omir-boyyna-sottaldy-50446268.html
Ақтаулық жаттықтырушы қыздың өлімі: істің басты фигуранты өмір бойына сотталды
Ақтаулық жаттықтырушы қыздың өлімі: істің басты фигуранты өмір бойына сотталды
Sputnik Қазақстан
Спортшы қызға зорлық көрсеткен 5 жігітке сот қайта үкім кесті 31.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-31T12:10+0500
2025-01-31T12:10+0500
2025-01-31T12:10+0500
ақтау
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:240:1280:960_1920x0_80_0_0_f4e6008720c2547814535af093cbd2a4.jpg.webp
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысының апелляциялық сот алқасы фитнес-бапкер Алина Серікованың өлімі бойынша сотталған бес ер адамға қатысты жазаның мерзімін ұзартты. Ал істің басты фигуранты өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Облыстық сот тартқан ақпаратқа сәйкес, бұл іс апелляциялық тәртіпте қайта қаралды. Бұған дейін негізгі айыпталушы 20 жылға сотталса, қалған төртеуі 7-8,5 жылға бас бостандығынын айырылған болатын. Бірақ прокуратура аппеляциялық шағым түсірді.Сот материалдарына сәйкес, сотталған бес ер адам Telegram арқылы "мефедрон" психотроптық заттарын заңсыз сатып алған. Оны қабылдағаннан кейін есірткілік масаң күйінде жәбірленушіні ұрып-соғып, автокөлікке күштеп отырғызған. Артынан үшеуі кетіп қалды. Көліктің ішінде біреуі Алина Серікованы қорқытып, психотроптық затты қабылдауға мәжбүрлеген. Онымен қоймай, қызды зорлаған. Одан кейін досы екеуі жәбірленушіні жанар-жағармай станциясында қамап тастаған. Сол жерде тағы қорқытып, банк қосымшасы арқылы 2 млн теңгенің кредитін рәсімдеткен. Ал ақшаны алғаннан кейін жәбірленушіні жібере салған. Алина көрген қорлығына шыдай алмай, өз-өзіне қол салған.Сот алқасының үкімімен істің басты фигуранты өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Екіншісі 16 жылға, ал қалған үшеуі 13-13,6 жылға сотталды. Бұдан бөлек, сотталушылардың барлығы жәбірленушінің туыстарына 19 618 415 тенге материалдық шығын және 30 000 000 тенге моральдық шығын төлеуге міндеттелді.
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_60e8ee5b429bed4895c21002d624a416.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтау, сот үкімі
Ақтаулық жаттықтырушы қыздың өлімі: істің басты фигуранты өмір бойына сотталды
Спортшы қызға зорлық көрсеткен 5 жігітке сот қайта үкім кесті
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысының апелляциялық сот алқасы фитнес-бапкер Алина Серікованың өлімі бойынша сотталған бес ер адамға қатысты жазаның мерзімін ұзартты. Ал істің басты фигуранты өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Облыстық сот тартқан ақпаратқа сәйкес, бұл іс апелляциялық тәртіпте қайта қаралды. Бұған дейін негізгі айыпталушы 20 жылға сотталса, қалған төртеуі 7-8,5 жылға бас бостандығынын айырылған болатын. Бірақ прокуратура аппеляциялық шағым түсірді.
Сот материалдарына сәйкес, сотталған бес ер адам Telegram арқылы "мефедрон" психотроптық заттарын заңсыз сатып алған. Оны қабылдағаннан кейін есірткілік масаң күйінде жәбірленушіні ұрып-соғып, автокөлікке күштеп отырғызған. Артынан үшеуі кетіп қалды. Көліктің ішінде біреуі Алина Серікованы қорқытып, психотроптық затты қабылдауға мәжбүрлеген. Онымен қоймай, қызды зорлаған. Одан кейін досы екеуі жәбірленушіні жанар-жағармай станциясында қамап тастаған. Сол жерде тағы қорқытып, банк қосымшасы арқылы 2 млн теңгенің кредитін рәсімдеткен. Ал ақшаны алғаннан кейін жәбірленушіні жібере салған. Алина көрген қорлығына шыдай алмай, өз-өзіне қол салған.
Сот алқасының үкімімен істің басты фигуранты өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Екіншісі 16 жылға, ал қалған үшеуі 13-13,6 жылға сотталды. Бұдан бөлек, сотталушылардың барлығы жәбірленушінің туыстарына 19 618 415 тенге материалдық шығын және 30 000 000 тенге моральдық шығын төлеуге міндеттелді.