Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ мемлекеттік хатшысы Трамптың Украинадағы қақтығысты аяқтау жоспары туралы айтты

© Photo : DoD/Lisa FerdinandoАмериканский флаг на здании Министерства обороны США в годовщину терактов 11 сентября, Вашингтон
Американский флаг на здании Министерства обороны США в годовщину терактов 11 сентября, Вашингтон - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2025
Жазылу
АҚШ мемлекеттік хатшысы Рубионың айтуынша, Трамп Украинада келіссөздер арқылы бейбітшілікке қол жеткізуге ниетті
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинада келіссөздер арқылы бейбітшілік орнатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио журналист Мегин Келлиге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Риа Новости.
"Президенттің ұстанымы – ұзаққа созылған жанжалды тоқтату. Оны келіссөздер арқылы аяқтау керек", - деді Рубио.
АҚШ мемлекеттік хатшысы сондай-ақ келіссөздер барысында Украина мен Ресей нақты бір келісімге келуі керек деп санайды.
"Барлық келіссөзде тараптар бір нәрседен бас тартуы керек. Мен бұл мәселені алдын ала талқыламаймын. Бізді алда қарқынды дипломатиялық жұмыс күтіп тұр, біз бұған шынайы қараймыз", - деді ол.
Мәскеу келіссөздерге дайын екенін бірнеше рет айтты. Бірақ Киев оларға заңнамалық деңгейде тыйым салды. 2022 жылдың қазан айында Владимир Зеленский Ресей басшылығымен келіссөздер жүргізуге тыйым салатын жарлыққа қол қойған болатын.
АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Джо Байденнің орнына Ақ үйдің қожайыны болғанында, Украинадағы қақтығыс ешқашан басталмас еді деп мәлімдеген. Ол сондай-ақ қайта сайланса, бар болғаны 24 сағат ішінде мәселені шешуге ниетті екенін айтты. Кейінірек АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио саясаткердің өз жоспарларын жүзеге асырмағанын, өйткені бұл үшін "дипломатияның қажырлы еңбегі" қажет екенін айтты.
Жаңалықтар
0