ҰҚШҰ-ның биылғы оқу-жаттығулары қандай қауіп-қатерге бағытталады

© Photo : Объединенный пресс-центр учений ОДКБКонтингенты стран ОДКБ направились в Таджикистан на учения "Рубеж-2024"
Контингенты стран ОДКБ направились в Таджикистан на учения Рубеж-2024 - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2025
Жазылу
2025 жылы ұйым бірқатар іс шараларды өткізуді жоспарлап отыр
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. 2025 жылы ҰҚШҰ-ның оқу-жаттығулары кезінде Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы қауіп-қатерлерге басымдық беріледі. Бұл туралы бірлескен штабтың басшысы Андрей Сердюков мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін саяси-әскери және стратегиялық жағдайды ескере отырып, оқу-жаттығуларды өткізу жоспары келісілген болатын. Соның негізінде 2025 жылда бірлескен шараларды ұйымдастыру жоспарланып отыр.
"Биыл Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы ұжымдық қауіпсіздік қатерлеріне негізгі басымдық беріледі", - деді Сердюков бүгінгі брифингте.
Мәселен, 2025 жылы наурыз айында бірлескен штаб, хатшылық, сондай-ақ, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың стратегиялық командалық-штабтық жаттығулары ұйымдастырылады.
"Сол кезде алғаш рет Ұжымдық күштердің барлық компонентін қалыптастыру мен өрістету бойынша шешімдер мен ұсыныстарды дайындау мәселесі пысықталады", - деп атап көрсетті штаб басшысы.
2025 жылда өтетін шаралар:
қыркүйек айында – Беларусьте ұжымдық шұғыл әрекет ету күштерінің қатысуымен "Өзара іс-қимыл-2025" атты оқу-жаттығулары, барлау күштері мен құралдарының "Іздеу-2025" оқу-жаттығулары және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша "Эшелон-2025" оқу-жаттығуы. Бұл ретте "Батыс-2025" Беларусь пен Ресей қарулы күштерінің бірлескен стратегиялық жаттығуларының мақсаттарымен байланыстыру жоспарланып отыр.
қазанның бірінші жартысында – Қырғызстанда "Шеп-2025" командалық-штабтық оқу жаттығулары өтеді. Оған Орталық Азия аймағының ұжымдық шұғыл өрістету күштері қатысады.
қазанның екінші жартысында – Тәжікстанда бітімгерлік күштердің "Мызғымас бауырластық - 2025" оқу-жаттығулары және "Тосқауыл-2025" арнайы жаттығулары өтеді.
Бұдан бөлек, биыл Тәжікстан аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығулары ұйымдастырылады.
Жаңалықтар
0