https://sputnik.kz/20250130/ulttyq-qordan-qazaqstandyq-balalarga-aqsha-audaryldy--50432541.html
Ұлттық қордан қазақстандық балаларға ақша аударылды
Ұлттық қордан қазақстандық балаларға ақша аударылды
Sputnik Қазақстан
Шамамен 7 млн балаға 129,38 АҚШ долларынан бөлінеді 30.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-30T20:42+0500
2025-01-30T20:42+0500
2025-01-30T20:42+0500
ұлттық банк
балалар
https://sputnik.kz/img/07e7/09/07/38266976_0:0:3168:1782_1920x0_80_0_0_43766e36828c9a2b6f1005f064e8df37.jpg
АСТАНА, 30 қаңтар - Sputnik. Ұлттық Банк "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша 18 жасқа дейінгі балалардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шоттарына кезекті қаржы аударылатынын хабарлады.Бағдарлама аясында әр балаға 129,38 АҚШ доллары бөлінді. Барлық қатысушыға төленген жалпы сома – 888,8 млн АҚШ доллары. 2024 жылдың аяғында бағдарламаға қатысушы бала саны 6 921 035 болды.Еск сала кетейік, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясындағы алғашқы төлемдер 2024 жылы жүргізілген еді. Ол кезде әр балаға 100,52 АҚШ доллары бөлінген. Бұл қаражат – Қазақстан үкіметінің 18 жасқа толмаған балаларға аударатын міндеттемесі.Жыл сайынғы аударым мөлшері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтеріне және оның ұзақмерзімді инвестициялық табысына байланысты болады. Қаражаттың жартысы осы табыстан бөлінеді. Сонымен қатар, балалардың шотына аударылған қаражат Ұлттық қордың инвестициялық портфелінде сақталып, қосымша табыс әкеледі.Бағдарлама іске қосылған екі жыл ішінде әр балаға жалпы 232,94 АҚШ доллары жинақталды. 2025 жылғы 31 қаңтарда осы ақпаратты eGov mobile мобильді қосымшасынан және kids.enpf.kz сайтынан алуға болады.
https://sputnik.kz/20240319/ulttyq-qor--balalarga-qarzhy-ministri-tolemder-qay-kezde-osetinin-aytty-43011305.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/07/38266976_182:0:2913:2048_1920x0_80_0_0_da34aa52e86a117eb57c83eaa9d91487.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк, балалар
Ұлттық қордан қазақстандық балаларға ақша аударылды
Шамамен 7 млн балаға 129,38 АҚШ долларынан бөлінеді
АСТАНА, 30 қаңтар - Sputnik. Ұлттық Банк "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша 18 жасқа дейінгі балалардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шоттарына кезекті қаржы аударылатынын хабарлады.
Бағдарлама аясында әр балаға 129,38 АҚШ доллары бөлінді. Барлық қатысушыға төленген жалпы сома – 888,8 млн АҚШ доллары. 2024 жылдың аяғында бағдарламаға қатысушы бала саны 6 921 035 болды.
Еск сала кетейік, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясындағы алғашқы төлемдер 2024 жылы жүргізілген еді. Ол кезде әр балаға 100,52 АҚШ доллары бөлінген. Бұл қаражат – Қазақстан үкіметінің 18 жасқа толмаған балаларға аударатын міндеттемесі.
Жыл сайынғы аударым мөлшері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтеріне және оның ұзақмерзімді инвестициялық табысына байланысты болады. Қаражаттың жартысы осы табыстан бөлінеді. Сонымен қатар, балалардың шотына аударылған қаражат Ұлттық қордың инвестициялық портфелінде сақталып, қосымша табыс әкеледі.
Бағдарлама іске қосылған екі жыл ішінде әр балаға жалпы 232,94 АҚШ доллары жинақталды. 2025 жылғы 31 қаңтарда осы ақпаратты eGov mobile мобильді қосымшасынан және kids.enpf.kz сайтынан алуға болады.