Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Словакия Ресейден газ транзитін тоқтатудың салдары туралы айтты

© AP Photo / Frank AugsteinСотрудник поворачивает вентиль газопровода газохранилища
Сотрудник поворачивает вентиль газопровода газохранилища - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2025
Жазылу
Словакияның экономика министрінің айтуынша, Украина қоймаларындағы газ көлемі едәуір төмендеген
АСТАНА, 30 қаңтар - Sputnik. Киевтің Украина аумағы арқылы газ транзитін тоқтатуы отынның осы түріне бағаның өсуіне түрткі болып қана қоймай, Украинаның өзіне қиындық туғызған. Украиналық қоймалардағы газ көлемі едәуір төмендеген. Бұл туралы Словакия экономика министрі Дениса Сакова айтты, деп хабарлайды Риа Новости.
"Украиналық қоймалардағы газ көлемі 10%-ға төмендеді. Ресейлік газ транзиті тоқтағаннан кейін Украинаға айына кемінде 100 миллион текше метр импорттау қажет. Сонымен қатар, ауа райы болжамы ақпан айында ауа температурасының төмендеуін көрсетіп отыр. Киевтің газ транзитін тоқтатуының салдарынан газ бағасы өсіп, бүкіл Еуропа үшін жаңа жылдан бастап ең жоғары деңгейге жетуде", - деп жазды Сакова өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Жаңалықтар
0