https://sputnik.kz/20250130/qazatomonerkasip-zhana-uchaskede-uranga-barlau-zhurgizedi-50415782.html
"Қазатомөнеркәсіп" жаңа учаскеде уранға барлау жүргізеді
"Қазатомөнеркәсіп" жаңа учаскеде уранға барлау жүргізеді
Sputnik Қазақстан
Лицензия 5 жылға ұзарту мүмкіндігімен 6 жыл мерзімге берілді 30.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-30T15:18+0500
2025-01-30T15:18+0500
2025-01-30T15:18+0500
түркістан
мұнай кен орыны
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1e/50411560_0:35:985:589_1920x0_80_0_0_6f2691a73f99c0ad505771983dc547e3.jpg
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы Инкай - Мыңқұдық учаскесінде уранды барлау үшін жер қойнауын пайдалану құқығын алды, деп хабарлайды компания.Лицензия 5 жылға ұзарту мүмкіндігімен 6 жыл мерзімге берілді."Инкай–Мыңқұдық" учаскесі Түркістан облысының Созақ ауданындағы "Шу–Сарысу"уран провинциясында орналасқан. Жер қойнауын пайдалану құқығы тек Қазатомөнеркәсіпке тиесілі, бұл учаске Инкай кен орнының Солтүстік қапталында жатыр.Р1 және Р2 санаттары бойынша Инкай - Мыңқұдық учаскесінің болжамды ресурстары 20 мың тонна ураннан асады. Жақын арада ресурстарды нақтылау және оларды С1 және С2 жоғары санаттарына ауыстыру үшін геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, бұл учаскенің әлеуетін тиімді пайдалануға және компанияның ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарларын табысты іске асыруға мүмкіндік береді, дейді ведомстводағылар.
https://sputnik.kz/20240813/qazatomonerkasip-onirlerdi-damytuga-35-milliard-tengeden-astam-qarzhy-boldi-46278312.html
түркістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1e/50411560_77:0:910:625_1920x0_80_0_0_2b2af69e9633a2eac2d56cf15545b9c3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан, мұнай кен орыны
түркістан, мұнай кен орыны
"Қазатомөнеркәсіп" жаңа учаскеде уранға барлау жүргізеді
Лицензия 5 жылға ұзарту мүмкіндігімен 6 жыл мерзімге берілді
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы Инкай - Мыңқұдық учаскесінде уранды барлау үшін жер қойнауын пайдалану құқығын алды, деп
хабарлайды компания.
Лицензия 5 жылға ұзарту мүмкіндігімен 6 жыл мерзімге берілді.
"Инкай–Мыңқұдық" учаскесі Түркістан облысының Созақ ауданындағы "Шу–Сарысу"уран провинциясында орналасқан. Жер қойнауын пайдалану құқығы тек Қазатомөнеркәсіпке тиесілі, бұл учаске Инкай кен орнының Солтүстік қапталында жатыр.
"Инкай-Мыңқұдық учаскесін барлау минералды-шикізат базасын кеңейту және тиімді пайдалану бойынша біз бекіткен стратегияның маңызды бөлігі, сондай-ақ компанияның тұрақты өсуіне мүмкіндік береді. Учаскенің әлеуеті зор. Біз уран кен орындарын іздеу және барлау саласындағы жұмысымыз әлемдік уран нарығындағы көшбасшылығымызды нығайтатына сенімдіміз", - деді Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.
Р1 және Р2 санаттары бойынша Инкай - Мыңқұдық учаскесінің болжамды ресурстары 20 мың тонна ураннан асады. Жақын арада ресурстарды нақтылау және оларды С1 және С2 жоғары санаттарына ауыстыру үшін геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, бұл учаскенің әлеуетін тиімді пайдалануға және компанияның ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарларын табысты іске асыруға мүмкіндік береді, дейді ведомстводағылар.