Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы екіжақты сауда көлемі артты

© Photo : пресс-служба правительства КыргызстанаПремьер-министр Казахстана Аскар Мамин прибыл с официальным визитом в Кыргызстан
Премьер-министр Казахстана Аскар Мамин прибыл с официальным визитом в Кыргызстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2025
Жазылу
Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңеске қатысу үшін Алматыға келген Қырғыз министрлер кабинетінің төрағасы – президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиевпен келіссөздер жүргізді
АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Қазақстан мен Қырғызстан премьер-министрлері АӨК, өнеркәсіп және су саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
© Пресс-служба правительства КазахстанаПремьер-министры Казахстана Олжас Бектенов и Кыргызстана Адылбек Касымалиев
Премьер-министры Казахстана Олжас Бектенов и Кыргызстана Адылбек Касымалиев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2025
Премьер-министры Казахстана Олжас Бектенов и Кыргызстана Адылбек Касымалиев
Сауда-экономикалық ынтымақтастық, су, көлік-логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық, туризм және басқа да салалардағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Өткен жылдың 11 айында екіжақты сауда көлемі артып, 1,6 млрд долларға жетті. Жеткізілетін тауарлар аталымын кеңейту арқылы оң үрдісті сақтау мен сауда құрылымын жақсартудың маңыдылығы көрсетілген. Қазақстан өз тарапынан жалпы құны 203 млн доллардан асатын 175 атаудағы өнім экспортын арттыруға дайын. Олардың қатарында мұнай химиясы, тамақ өнеркәсібі, металлургия, машина жасау, фармацевтика өнеркәсібі, құрылыс материалдары және басқа да өнімдер бар.
Өзара сауда көлемінің 20%-ға жуығын құрайтын ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа көңіл бөлінуде.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара жеткізуді арттыру жөніндегі жол картасы іске асырылып жатыр.
2024 жылдың 11 айында АӨК саласындағы тауар айналымы 5,5%-ға өсіп, 313,6 млн долларды құрады. Бұл ретте Қазақстаннан астық экспорты 40,4 мың тоннаны, ал ұн – 53,2 мың тоннаны құрады.
Жаңалықтар
0