Орал тұрғыны есіміндегі бір әріпті өзгерту үшін сотқа жүгінді

© Sputnik / Владислав ВодневУдостоверения личности
Удостоверения личности - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2025
Жазылу
Ол сот арқылы есіміндегі әріпті түзетіп қана қойған жоқ сондай-ақ асырап алған әкесінің тегіне де қол жеткізді
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Орал қаласының тұрғыны жеке куәлігіне бірнеше түзету енгізу үшін сотқа дейін барған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 жастағы ер адам алдымен өз есімін "Султан" емес, қазақ әліпбиіне сәйкес "Сұлтан" деп өзгерткісі келген. Содан кейін асырап алған әкесінің тегін алып, Мұратұлы деп жаздыртуды шешкен. Ол адам талап қоюшыны тәрбиелеп, өсірген, алайдабала кәмелетке толғанға дейін қайтыс болған.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, марқұм алты ай ғана баланы асыраған. Бұл – өте аз уақыт. Сол себепті Мұратұлы болғысы келген жігіттің арызы мақұлданбаған. Бірақ есімін де қазақшалап жазуға рұқсат берілмеген. Оның себебін ешкім түсіндіре алмаған. Содан ер адам сотқа арыз түсірген.
Бірінші сатыдағы сот мемлекеттік органның әрекетін заңды деп танып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартқан. Ал апелляциялық сот бұл шешімнің күшін жойып, мемлекеттік органның бас тартуын заңсыз деп танып, талап қоюшының арызын қанағаттандырды.
Неке және отбасы кодексінің 257-бабына сәйкес, өтініш беруші өзін іс жүзінде тәрбиелеген адамның тегін немесе әкесінің атын алуға құқылы. Оған қоса, заңда баланы тәрбиелеу фактісін растау үшін қажетті ең аз уақыт белгіленбеген. Сосын талап қоюшы кәмелетке толмаған кезде асырап алушы қайтыс болса да, тегін өзгертуге кедергі бола алмайды. Есімдегі әріпті ауыстырудан бас тартуға да негіз болмаған. Сондықтан талап қоюшының талаптары заңды деп танылды.
Жаңалықтар
0