Мүгедек балаға қызмет көрсетпеген: SCAT әуе компаниясы жауапқа тартылды

© Photo : Пресс-служба Мининдустрии РКSCAT ұшағы
SCAT ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2025
Жазылу
Әуе компаниясы қызметкерлері мүгедек арбасының қажеттілігі туралы қате хабарлама жасаған
АСТАНА, 30 қаңтар - Sputnik. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын бұзғаны үшін әуе компаниясы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Оқиға былтыр 3 қарашада болған. "Санкт - Петербург–Aстана" рейсімен ұшып келген мүмкіндігі шектеулі кәмелетке толмаған жолаушыға SCAT әуе компаниясы тиісті қызмет көрсетпеген.
"Ұзақ күткен жолаушының әкесі баланы ұшақтан өзі шығаруға мәжбүр болды. Әуе компаниясы қызметкерлері мүгедек арбасының қажеттілігі туралы қате хабарлама жасаған. Салдарынан мүгедек балаға уақтылы қызмет көрсетілмеген", - дейді ведомстводағылар.
Прокуратура актісі бойынша әуе компаниясы тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 571-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапқа тартылды.
Самолет в небе - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2025
SCAT әуе компаниясы Шымкент пен Санкт-Петербург арасында әуе рейсін ашпақ
Жаңалықтар
0