"Кез келген ЖСН-ді енгізе салады": алаяқтар мобильді нөмірді қалай тіркейді

© REUTERS / Kacper PempelКибер-шабуыл
Кибер-шабуыл - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2025
Жазылу
Сенатор ұялы нөмірлерді тіркеу кезінде биометриялық деректерді қолдануды ұсынды
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Сенат депутаты Жанна Асанова алаяқтардың ұялы нөмірлерді қалай тіркейтінін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заңнамаға сәйкес, ұялы телефондарды міндетті түрде тіркеу керек. Бірақ алаяқтар бұл талапты оп-оңай аттап өтеді.

"Олар SMS арқылы ЖСН-ді жібереді де, тіркей салады. Жеке деректерді де енгізбейді. Осылайша, кез келген адам бөгде біреудің жеке сәйкестендіру нөмірін көрсетіп, телефон нөмірін қылмыс жасау үшін пайдалана алады", - деді Асанова сенаттың бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, алаяқтар "SIM-box"-тарды да жиі пайдаланады. Осы құрылғылардың көмегімен жүздеген SIM-картаны іске қосуға болады. Соның салдарынан ішкі істер органдары алаяқтарды таба алмай жатады. Себебі SIM-box ұялы нөмірлерді жылдам ауыстыруға мүмкіндік береді.

"Алаяқтар мониторингті оп-оңай айналып кетеді. Абоненттің жалған локациясы мен IMEI-кодын көрсете алады. Виртуалды аккаунттарды да ашуға мүмкіндік бар. Ал, ең бастысы, виртуалды сигналмен қоңырау шалып, халықты алдап отырады. SIM-box бір күннің ішінде 200 SIM-картаны ауыстырып бере алады", - деді Асанова.

Осы орайда сенатор ұялы нөмірлерді тіркеу кезінде биометриялық деректерді қолдануды ұсынды. Ал SIM-box машиналардың импортын шектеу керек.
Ұялы телефон - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2025
Қымбатшылықты түсінбеймін: вице-министр ұялы байланысқа қатысты пікірін айтты
Жаңалықтар
0