Ресей салатын ЖЭО-лар көмірмен ғана жұмыс істей ме –министр жауап берді

© PhotoМинистр энергетики Казахстана ознакомился с работами по запуску ТЭЦ-3 в Астане
Министр энергетики Казахстана ознакомился с работами по запуску ТЭЦ-3 в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2025
Жазылу
Сәтқалиевтің айтуынша, үш станцияның жобалық отыны – көмір. Бірақ артынан газға ауыстыруға да болады
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жаңадан салынатын жылу электр орталықтарының қандай отынмен жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресей мамандары Қазақстанның үш қаласында – Көкшетау, Семей мен Өскеменде жылу электр орталықтарын салуға қатысады. Министр Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, үш станцияның жобалық отыны – көмір. Бірақ артынан газға ауыстыруға да болады.
"Бүгінде солтүстік пен шығыс аймақтарды газдандыру жоспары бар. Көгілдір газ "Сарыарқа" құбырымен келеді, я болмаса, Ресейден тасымалданады. Осы сценарийдің біреуі іске асырылса, жылу электр станцияларын газға ауыстыруға болады. Ондай технология бар", - деді Сәтқалиев мәжілістің бүгінгі отырысында.
Министрдің айтуынша, бұған дейін Алматыдағы ЖЭО да газға ауыстырылған болатын.
Казахстан и Россия подписали межправительственное соглашение о строительстве угольных ТЭЦ - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2024
Қазақстан мен Ресей көмір ЖЭО-сын салу туралы үкіметаралық келісімге қол қойды
Жаңалықтар
0