https://sputnik.kz/20250129/qazaqstanda-ekinshi-aes-qurylysyna-vendorlardy-qalay-tandalady-50397151.html
Қазақстанда екінші АЭС құрылысына вендорлар қалай таңдалады
Қазақстанда екінші АЭС құрылысына вендорлар қалай таңдалады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 қаңтар. — Sputnik. Энергетика министрі Сәтқалиев атом электр станциясының құрылысына қатысты ақпаратпен бөлісті. 29.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-29T17:25+0500
2025-01-29T17:25+0500
2025-01-29T17:27+0500
атом электр станциясы
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/08/47670925_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_0ed3344e2c500a7becb133561fa3e38e.jpg.webp
АСТАНА, 29 қаңтар. — Sputnik. Энергетика министрі Сәтқалиев атом электр станциясының құрылысына қатысты ақпаратпен бөлісті. "Біз екінші станцияны қазірдің өзінде білікті әлеуетті вендорлардан тұратын консорциум салатынын біліп отырмыз. Қуат орналастыру аймағына қарай анықталады. Желінің белгілі бір шектеулері, мүмкіндіктері бар. Шартты түрде электр энергиясын тұтыну бойынша болжам да жасалды", - деді Сәтқалиев. Осы параметрлерге сүйене отырып, тиісті шешімдер қабылданады, деді министр. Тоқаевтың АЭС құрылысын жеделдету туралы тапсырмасына қатысты министр әлеуетті вендорлармен жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Ол атом электр станциясын салудың әлемдік мысалдарын айта отырып, маман тапшылығына да тоқталды. Сондай-ақ сенімді технологияларды қолдану - Қазақстанда АЭС құрылысын тез жүзеге асыруға мүмкіндік береді, деді энергетика министрлігінің басшысы. Консорциумды құру жөніндегі түпкілікті шешім туралы айта келе Сәтқалиев барлық тәуекелдерді зерттейтін арнайы комиссия құрылғанын айтты. Әлеуетті вендорларға берілген сауалнамада олардың консорциум құрамы, санкциялық шектеулер, кепілдік беруге дайын екендігі туралы көзқарасы нақты көрсетілген. "Әлеуетті вендорларен барлық келісімшарттар мен келісімдер халықаралық антисанкциялық комплаенстен өтеді. Барлық келісімшарттарда санкцияларға қатысты кез келген тәуекелдерді барынша азайтатын санкциялық тармақ болады", - деді министр. Үкімет шешім қабылдаған кезде әу бастан болашақта шектен шығуды болдырмау үшін тәуекелдерді азайтады. Егер консорциумға қатысушылар арасында қайшылықтар болса, онда неғұрлым сенімді және ұзақ мерзімді конструкция қолданылатын болады, деп атап өтті Сәтқалиев. Сонымен қатар атом электр станциясының құрылысы ең заманауи қауіпсіздік жүйелерін қолдануды көздейді және бұл техникалық тапсырманың бір бөлігі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/08/47670925_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_f7c8b4152f50ea348e112cbce087252b.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атом электр станциясы
АСТАНА, 29 қаңтар. — Sputnik. Энергетика министрі Сәтқалиев атом электр станциясының құрылысына қатысты ақпаратпен бөлісті.
"Біз екінші станцияны қазірдің өзінде білікті әлеуетті вендорлардан тұратын консорциум салатынын біліп отырмыз. Қуат орналастыру аймағына қарай анықталады. Желінің белгілі бір шектеулері, мүмкіндіктері бар. Шартты түрде электр энергиясын тұтыну бойынша болжам да жасалды", - деді Сәтқалиев.
Осы параметрлерге сүйене отырып, тиісті шешімдер қабылданады, деді министр.
Тоқаевтың АЭС құрылысын жеделдету туралы тапсырмасына қатысты министр әлеуетті вендорлармен жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
"Егер бастапқыда ядролық технологиялар мен жабдықтардың құрамы қандай болатынын анықтасақ, онда біз жабдыққа дизайнмен қатар тапсырыс бере аламыз. Яғни, жоба нақты жабдықпен жүзеге асырылады, бұл құрылыс мерзімін едәуір қысқартады. Сонымен қатар техниканы оқшаулау және кадрларды даярлау да маңызды кезеңдердің бірі", - деді министр.
Ол атом электр станциясын салудың әлемдік мысалдарын айта отырып, маман тапшылығына да тоқталды. Сондай-ақ сенімді технологияларды қолдану - Қазақстанда АЭС құрылысын тез жүзеге асыруға мүмкіндік береді, деді энергетика министрлігінің басшысы. Консорциумды құру жөніндегі түпкілікті шешім туралы айта келе Сәтқалиев барлық тәуекелдерді зерттейтін арнайы комиссия құрылғанын айтты. Әлеуетті вендорларға берілген сауалнамада олардың консорциум құрамы, санкциялық шектеулер, кепілдік беруге дайын екендігі туралы көзқарасы нақты көрсетілген.
"Әлеуетті вендорларен барлық келісімшарттар мен келісімдер халықаралық антисанкциялық комплаенстен өтеді. Барлық келісімшарттарда санкцияларға қатысты кез келген тәуекелдерді барынша азайтатын санкциялық тармақ болады", - деді министр.
Үкімет шешім қабылдаған кезде әу бастан болашақта шектен шығуды болдырмау үшін тәуекелдерді азайтады. Егер консорциумға қатысушылар арасында қайшылықтар болса, онда неғұрлым сенімді және ұзақ мерзімді конструкция қолданылатын болады, деп атап өтті Сәтқалиев. Сонымен қатар атом электр станциясының құрылысы ең заманауи қауіпсіздік жүйелерін қолдануды көздейді және бұл техникалық тапсырманың бір бөлігі.