https://sputnik.kz/20250129/mikhail-mishustin-qazaqstanga-ush-kunge-is-saparmen-keldi-50397960.html
Михаил Мишустин Қазақстанға үш күнге іс-сапармен келді
Михаил Мишустин Қазақстанға үш күнге іс-сапармен келді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Қазақстанға іс-сапармен келді. 29.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-29T18:09+0500
2025-01-29T18:09+0500
2025-01-29T18:09+0500
ресей
премьер-министр
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1d/50397661_0:0:3362:1892_1920x0_80_0_0_82e485afc81e005b976ea513d4c9d26c.jpg
АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Қазақстанға іс-сапармен келді. Ол Қазақстанда үш күн болады, бірінші кездесу Тоқаевпен жоспарланған. Ресей - Қазақстан келіссөздері аясында 29-30 қаңтарда Астанада сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады. Энергетика, өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды одан әрі дамытуға ерекше назар аударылады. 30-31 қаңтарда Үкімет төрағасы Алматыдағы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады, онда ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің интеграциялық өзара іс-қимылын арттыру, еуразиялық нарықтың жұмыс істеуі, макроэкономикалық ахуал және бірлескен бастамаларды іске асыру перспективалары қаралатын болады. Сондай-ақ 31 қаңтарда Михаил Мишустин "Digital Almaty 2025" 7-ші цифрлық форумының "Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар" пленарлық сессиясына, технологиялық даму, цифрландыру, цифрлық трансформация және жасанды интеллект технологияларын пайдалану саласында жыл сайын өткізілетін беделді іс-шараға қатысады. Форум экономиканың негізгі салаларындағы цифрлық трансформацияның болашағын айқындайтын инновациялар мен озық технологияларды талқылау үшін мемлекет қайраткерлерін, сарапшыларды, ғалымдар мен кәсіпкерлерді біріктіреді.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1d/50397661_396:0:3127:2048_1920x0_80_0_0_539c6c80676f4f6df67ca6fd32cefcca.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, премьер-министр
АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Қазақстанға іс-сапармен келді.
Ол Қазақстанда үш күн болады, бірінші кездесу Тоқаевпен жоспарланған. Ресей - Қазақстан келіссөздері аясында 29-30 қаңтарда Астанада сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады. Энергетика, өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды одан әрі дамытуға ерекше назар аударылады.
30-31 қаңтарда Үкімет төрағасы Алматыдағы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады, онда ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің интеграциялық өзара іс-қимылын арттыру, еуразиялық нарықтың жұмыс істеуі, макроэкономикалық ахуал және бірлескен бастамаларды іске асыру перспективалары қаралатын болады.
Сондай-ақ 31 қаңтарда Михаил Мишустин "Digital Almaty 2025" 7-ші цифрлық форумының "Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар" пленарлық сессиясына, технологиялық даму, цифрландыру, цифрлық трансформация және жасанды интеллект технологияларын пайдалану саласында жыл сайын өткізілетін беделді іс-шараға қатысады.
Форум экономиканың негізгі салаларындағы цифрлық трансформацияның болашағын айқындайтын инновациялар мен озық технологияларды талқылау үшін мемлекет қайраткерлерін, сарапшыларды, ғалымдар мен кәсіпкерлерді біріктіреді.