Балқаш – Мойынты учаскесінде екінші жол бойынша пойыздар қозғалысы ашылды

© Photo : пресс-служба АО "Казахстан темир жолы"
Жазылу
Бұл – ҚТЖ-ның ірі инфрақұрылымдық жобаларының бірі
АСТАНА, 29 қаңтар - Sputnik. Балқаш – Мойынты учаскесінде екінші жол бойынша пойыздар қозғалысы ашылды, деп хабарлайды Қазақстан темір жолы.
Достық – Мойынты теміржол учаскесіндегі екінші жолдардың құрылысы аясында Мойынтыдан Балқашқа дейінгі жүк пойыздарының екі жолы мерзімінен бұрын ашылды.
127 шақырымдық учаскеде белгі беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларын қосу сәтті аяқталды. Жаңа инфрақұрылым мобильді диагностикалық кешенмен тексерілді.

"Қазақстан темір жолы" досрочно открыла двухпутное движение грузовых поездов от Мойынты до Балхаша
© Photo : пресс-служба АО "Казахстан темир жолы"
"Достық – Мойынты теміржол учаскесінде ұзындығы 836 км екінші жолдарды салу жобасын аяқтау 2025жылдың жазына жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарының көп бөлігі аяқталуға жақын. Бүгінгі таңда рельсті шпал торы 769 шақырымғатөселген, жер жұмыстарының 99%-ыорындалған. Темірбетон құбырларын, көпірлерді орнату аяқталады. Байланыс және энергиямен жабдықтау жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. 630 шақырымнанастам түрлі кабель тартылып, жоғары вольтты желіге 12 998 тірек орнатылды", - делінген хабарламада.
Бұл – ҚТЖ-ның ірі инфрақұрылымдық жобаларының бірі, соның арқасында жүк жүктемесі жоғары Достық - Мойынты желісінің өткізу қабілеті 5 есе артады.