Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 1-2 ақпанда өтеді

© Photo : Акимат АстаныСельскохозяйственная ярмарка в Астане
Сельскохозяйственная ярмарка в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. Астанада 1-2 ақпанда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен – Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері тікелей ұсынылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн, сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады.
Іс-шара Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайы бойынша "Koktal" сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.
Астанада 35 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2025
Астанада 35 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды
Жаңалықтар
0