Ақтауда қылмыстық топтың басшысы сотталды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСудебное заседание, архивное фото
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2025
Жазылу
Топтың қалған мүшелері бұған дейін әртүрлі жазалар үшін жауапқа тартылған
АЛМАТЫ, 29 қаңтар - Sputnik. Ақтауда ірі контрабанданың ұйымдастырушысы сотталды, деп хабарлайды бас прокуратура.
Ақтау тұрғыны қылмыстық топ құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімді Ақтау қалалық соты шығарды.
"2016-2018 жылдар аралығында адамдар тобы құрылыс материалдарын жеткіземіз деген желеумен Ираннан Қазақстанға кеден шекарасы арқылы құны 1 млрд теңгеден асатын темекі мен табак тасымалдаған", - дейді ведомство.
Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы халықаралық іздеуде болып, Әзербайжаннан экстрадицияланды. Топтың қалған мүшелері бұған дейін әртүрлі жазалар үшін жауапқа тартылған болатын.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
0