https://sputnik.kz/20250129/almaty-oblysynda-kariz-zhelileri-salynady-turgyndar-nege-narazy-50388946.html
Алматы облысында кәріз желілері салынады: тұрғындар неге наразы
Алматы облысында кәріз желілері салынады: тұрғындар неге наразы
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 29 қаңтар - Sputnik. Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының кәріз желілері жаңартылады. Жаңа желі Жайсан, Мыңбаев ауылдарының маңынан салынады... 29.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-29T15:38+0500
2025-01-29T15:38+0500
2025-01-29T16:33+0500
алматы облысы
ауыл
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1d/50388604_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_cf023ee3823f20dc4f29d9c575cd98dc.jpg.webp
АЛМАТЫ, 29 қаңтар - Sputnik. Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының кәріз желілері жаңартылады. Жаңа желі Жайсан, Мыңбаев ауылдарының маңынан салынады. Ауыл тұрғындары бұған наразы. Sputnik Қазақстан тілшісі оқиғаның мән-жайын біліп қайтты. Ұзынағаш ауылының кәріз жүйесі 1970 жылы салынған. Кәріз желілерінің ұзындығы 21,8 км, желілер 85% тозған. Ал сүзгі алаңының ауданы 14 Га, ол да 85% тозып кеткен. Бұл желілер 68 бюджеттік және әкімшілік ғимараттар мен 730 аулаға қызмет көрсетеді. Тозығы жеткен желілерді жөндеу үшін "Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының кәріз желілерін реконструкциялау және салу" жобасы әзірленген. Құрылыс жұмыстарын "ПСК Архат" ЖШС атқарады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны 7,6 млрд теңге. Өйткені желілерде бірнеше тазарту қондырғысы болады. "Бұл магистральдық құбырлар "ҚазАвтоЖол ҰК"АҚ техникалық шартына сәйкес республикалық маңызы бар Алматы - Бішкек тас жолының астынан өтеді. Әрі қарай, гравитациялық құбыр өрескел тазарту ғимаратына түседі. Содан кейін ол жұқа тазарту сүзгісі қарастырылған және резервуарлар арқылы жарықтандыру тоғандарына өтеді. Ағынды суларды тазарту екі ішкі жүйеден тұрады: механикалық тазарту және табиғи биологиялық тазарту. Механикалық тазарту ағынды сулардан ерімеген минералды және органикалық қоспаларды бөліп алу үшін қолданылады. Ол осы сулардан 90-95%-ке дейін суспензия бөледі. Тазартылатын дренаждар жабық контейнерлерде болады, бұл қондырғының айналасындағы тазалықты сақтап, иісті шығармайды", - дейді әкімдік. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша экология департаменті бұл жобаның кері әсері болмайтынын және үнемі бақыланатынын айтты.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_cc0f787cb29d6914f0aaa44359d2a565.jpg.webp
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_cc0f787cb29d6914f0aaa44359d2a565.jpg.webp
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1d/50388604_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_3244185879331498f668bdc57a28a7c0.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_cc0f787cb29d6914f0aaa44359d2a565.jpg.webp
алматы облысы, ауыл
Алматы облысында кәріз желілері салынады: тұрғындар неге наразы
15:38 29.01.2025 (жаңартылды: 16:33 29.01.2025) АЛМАТЫ, 29 қаңтар - Sputnik. Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының кәріз желілері жаңартылады. Жаңа желі Жайсан, Мыңбаев ауылдарының маңынан салынады. Ауыл тұрғындары бұған наразы.
Sputnik Қазақстан тілшісі оқиғаның мән-жайын біліп қайтты.
"Егер қалдықтарды бұл жаққа төксе жағымсыз иіс шығады. Тұншығып өлеміз ғой. Жай күндері иісі шықпаса да, желді күні бәрібір иіс болады", - дейді Жайсан ауылының тұрғындары.
Ұзынағаш ауылының кәріз жүйесі 1970 жылы салынған. Кәріз желілерінің ұзындығы 21,8 км, желілер 85% тозған. Ал сүзгі алаңының ауданы 14 Га, ол да 85% тозып кеткен. Бұл желілер 68 бюджеттік және әкімшілік ғимараттар мен 730 аулаға қызмет көрсетеді. Тозығы жеткен желілерді жөндеу үшін "Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының кәріз желілерін реконструкциялау және салу" жобасы әзірленген. Құрылыс жұмыстарын "ПСК Архат" ЖШС атқарады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны 7,6 млрд теңге.
"Жоба бойынша 120 га сүзгі алаңы және 81 километр кәріз жүйесі салынады. Жаңа кәріз жүйесі 100 бюджеттік және әкімшілік ғимараттар мен 5000 аулаларға қызмет көрсетеді. Ұзынағаш ауылының кәріз жүйелерін салу үшін 2024 жылға 2 млрд теңге бөлінді. Мердігер - "Толағай-2050" ЖШС. Құрылыс мерзімі 2026 жылы шілдеде аяқталады. Сүзу алаңдары Мыңбаев ауылдық округінің шығыс - батыс бөлігінде Ұзынағаш - Күрті тас жолының бойында Б. Қыдырбек ұлы ауылынан 4 км астам қашықтықта және Жайсан ауылынан 6 км астам қашықтықта орналасқан", - дейді Жайсан ауылдық әкімдігі. Ведомствоның мәліметінше, ауылдарды иіс алмайды.
Өйткені желілерде бірнеше тазарту қондырғысы болады.
"Бұл магистральдық құбырлар "ҚазАвтоЖол ҰК"АҚ техникалық шартына сәйкес республикалық маңызы бар Алматы - Бішкек тас жолының астынан өтеді. Әрі қарай, гравитациялық құбыр өрескел тазарту ғимаратына түседі. Содан кейін ол жұқа тазарту сүзгісі қарастырылған және резервуарлар арқылы жарықтандыру тоғандарына өтеді. Ағынды суларды тазарту екі ішкі жүйеден тұрады: механикалық тазарту және табиғи биологиялық тазарту. Механикалық тазарту ағынды сулардан ерімеген минералды және органикалық қоспаларды бөліп алу үшін қолданылады. Ол осы сулардан 90-95%-ке дейін суспензия бөледі. Тазартылатын дренаждар жабық контейнерлерде болады, бұл қондырғының айналасындағы тазалықты сақтап, иісті шығармайды", - дейді әкімдік.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша экология департаменті бұл жобаның кері әсері болмайтынын және үнемі бақыланатынын айтты.